Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға келер шақ туралы түсінік қалыптастыру, өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау, толықтыру, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік:
Шақтарды айыра білуге үйрету. Етістік, оның шақтары туралы білімді пысықтау, қорыту.
ә) Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын, етістік шақтары туралы білімдерін сабақта білулерін жетілдіру, өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын, белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік:
Өз білімі және жолдастарының білімін бағалауға, жауап беру ретін сақтап, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.