Home » Жаңалықтар » Жанды білім беру – өмір талабы

Жанды білім беру – өмір талабы

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Жылыой ауданы №7 Е.Халықов атындағы орта мектеп базасында жеке тұлғаның рухани –адамгершілік құндылықтарын жетілдіріп, ізгілікті рухы биік шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашу және мұғалімдердің гуманды іс-әрекетіндегі педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында «Білім беру ұйымдарында «Өзін –өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың жолдары» тақырыбында «Өзін –өзі тану» педагогтары мен жалпы пән мұғалімдріне  арналған әдістемелік семинарын өткізді. Семинарға он бес педагог қатысып,  өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында жанды білім берудің маңызы, оқушының жүрегіне жол тауып, білім әлеміндегі рухани- адамгершілік білімнің басымдылығы туралы, қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа бағыттарын сабақ барысында қолдана білудің әдіс тәсілдері көрсетілді.

Мектепте жүргізілетін әрбір пәннің рухани құдіретін ашу мұғалім шеберлігін талап етеді, өз пәнінің жалпы  мазмұны адами құндылықтарға негіделіп өмірмен байланыстырыла ашылса, оқушы сабақ  мазмұнын қиналмай игеріп шабыттанады. Шабыттанған оқушының білсем деген қызығушылығы оянады,олай болса әрбір пән жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде, «Өзін-өзі тану» пәнімен интерацияланған ізгілікке жаңа форматқа бағытталған сабақ жоспарымен сабақ өткізсе жаңа ашылуларға  бағыт бағдар беретінін сезінді.Тиісінше, идеология мен адамның рухани әлемі өзгереді.

Руханилық ең алдымен адамның өз-өзіне, басқа адамдарға, қоршаған әлемге деген ұқыпты адал қатынасынан, рухани-адамгершілік мүдделердің материалдық құндылықтардан жоғары тұратынын көрді. Түбегейлі өзгерістерге дайын қоғам күмәнсіз жарқын болашаққа қол жеткізеді және мінезі мінсіз ұрпақ тәрбиелейді.

Сабақ құрылымының  тәрбиелік деңгейіне мән бере отырып, адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен,қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталатындын ескерген мұғалім өз сабағының мазмұны мен рухани–адамгершілік деңгейі  мән –мазмұны ерекшеленетінін көрді.

Семинар кезінде оқушы алдындағы мұғалім рөлі жайында пікірлесе отырып, Қазақстанның дамуын қоғамдық сананың өзгеруі мен рухани жаңғыру кезінде ғана мүмкін болатын мәдениет құрушы, интеграциялаушы қызмет арқылы, білім сапасын арттыру мен оны ізгілендіру арқылы қамтамасыз ету, бүгінгі күннің талабы нағыз АДАМ тәрбиелеу мұғалім міндетінің басым бөлігі болатынын сезінді.

Семинар бүгінгі таңда білім беру жүйесі қоғамдық сананы өзгерте отырып, оны рухани бағдарлармен байытып, мән –мағынасын толтыру арқылы өз қызметін білім алушы жастардың рухани-адамгершілік әлеуетін бағытталуы қажет деп өз жұмысын аяқтады.

 

Кульниязова  Айжан  Сисенқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
 «Деңгейлік бағдарламалар орталығының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренер

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.