Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанаршылыққа –жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж адамдарға қамқорлық жасау. Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, демеуші ата-ана Қасымов Ринат өз үлесін қосты, нәтижесінде 43000 мың теңге көлемінде мектеп формасы, қыстық киімдер мен оқу құралдармен қайырымдылық көрсетті. Сондай-ақ, ата-аналар ерікті түрде мектептегі көмекке мұқтаж оқушыларға көмек қолдарын созды. Мектеп директоры Юлдашева Джумагуль Камильевнаның ұйымдастыруыменғ мектеп ұжымында «Мейірім» атты бұрыш құрылды, оған мектеп ұстаздары 182500 теңге жинастырып, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға киім кешекпен азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетті.
Ж.С. Игісін,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары