Home » Балабақша » Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылдық округіндегі МКҚК «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасы

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылдық округіндегі МКҚК «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасы


2014 жылы 1 қыркүйегінен «Балапан» бағдарламасы аясында қолданысқа берілген, жаңа типті жобада салынған 2 қабатты балабақшамызда 12 топта 280 бала тәрбиеленуде.  Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалынған. Балалардың жатын, ойын және спорт бөлмелері, ән-саз, сурет салу бөлмесі талапқа сай жабдықталған. Жарық, әрі кең. Барлық топтарда табиғат орталықтары және дамытушы орталықтар жабдықталған.   Бала өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту бағытында, мәдени-гигиеналық және өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасалған.

Бөбекжай-бақша мектеп жасына дейінгі бала өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту, тәрбиелеуде балалардың білім дағдыларын нақтылай отырып, педагогтар жұмысының сапасын, өзіндік шығармашылығын арттыруды жалғастыруды мақсат етіп, балаларды жан-жақты дамытуда эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру бағыты бойынша жұмыс жасайды.

Ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан педагогтардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер аудан, облыс, республика көлемінде өткен байқаулардан жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

«Әр бала – жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»,- деген екен Ж.Баласағұн. Осы ұстанымды ұстанған әрбір тәрбиеші, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосқаны деп білеміз.

Кауғабаева Анар Кауғабайқызы,
Жамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов ауданы,
Луговой ауылдық округі.
МКҚК «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасының әдіскері.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.