Home » Бес сауал » Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы «№1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы «№1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

«Мектеп – кеме, білім – теңіз»

Жаңа ғасырдағы мектептің алдындағы міндеті – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмір бойы білім алу қағидасын және Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде деп көрсетуінен-ақ мұғалім мамандығына жүктелген жауапкершілікті көруге болады. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқытуды білуде. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс-тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.

Ұлтымыздың ұстазы А.Байтұрсынов өз сөзінде «…мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикалық методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,-деген.

Сулейманкулова Гүлайым Көшербайқызы мектепке 2011 жылдан бері басшылық етеді. Қызығы мен қиыншылығы мол жұмысында іскерлік таныта білген басшы. Мектеп абыройын арттыруда көп еңбек сіңірді.

Тарихы сонау 1981-жылдан бастау алған №1 орта мектептің педагогикалық ұжымы білім саласындағы өзгерістерден тыс қалған емес. Қазіргі таңда мектепте 92 мұғалім жұмыс істейді. Ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдауға орасан зор қолдау көрсетілуде.

«Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең, сол шығады, әрі мол шығады» деп заманымыздың заңғар жазушысы Ғабиден Мұстафин айтпақшы ұстаздарымыздың марқая алар еңбектерінің жемісі де ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтсақ, Дабылтаева Асылай «Ақберен» ақындық пен шешендікке баулитын байқаудың республикалық кезеңінде ІІ орынды иеленіп, күміс медальмен марапатталды. Былғары қолғап шебері атанған Жексен Бибарыс бірнеше мәрте халықаралық, республикалық, облыстық турнирлерде бас жүлдеге ие болды. Таиров Рагиф жеңіл атлетикадан республика чемпионы атанды. Республикалық қашықтық олимпиады жеңімпаздары: Воробей Тамара, Головнев Владимир, Бахытбек Салтанат, Валихан Жұлдыз, Салахова Эльвина, Мырзабай Жансая, Дабылтай Асылай, Бахытова Құндыз, Мүсілім Көркемай, Абдигул Меруерт, Нурманова Айжүрек. Республикалық «Дарын» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Ақбота» танымдық байқауында Пернебек Жансая, Әуезхан Айбек, Гаджиева Мина, Джамалова Севда жүлделі орындарды иеленді.

Халықаралық «British buldog» ағылшын тілі пәні бойынша ұйымдастырылған байқауында оқушыларымыз Болатбек Марғұлан мен Нүсіпбек Аңсар пән бойынша білімдерінің жоғары екенін дәлелдеп, ІІІ дәрежелі дипломммен марапатталды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қарағанды қаласында ШҒА-ның ұйымдастыруымен өткен оқу-зерттеу жұмыстарының байқауында Абдуллаева Нурайя, Болатхан Ақбота, Альжева Снежана сынды оқушыларымыз І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

Өз ұлтының жанашыры бола білетін шәкірттерді кемел ұстаздарымыз тәрбиелей бермекші.

 36 жылдық тарихы бар қара шаңырақта білім нәрімен сусындаған шәкірттерге, өз уақытын аямайтын, шәкірттің бақытын аялайтын шығармашыл ұстаздарға шығармашылық табыстар тілейміз. Қалалық «British buldog» ағылшын тілі пәні бойынша ұйымдастырылған байқауында оқушыларымыз Болатбек Марғұлан мен Нүсіпбек Аңсар пән бойынша білімдерінің жоғары екенін дәлелдеп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қарағанды қаласында ШҒА-ның ұйымдастыруымен өткен оқу-зерттеу жұмыстарының байқауында Абдуллаева Нурайя, Болатхан Ақбота, Альжева Снежана сынды оқушыларымыз І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

Өз ұлтының жанашыры бола білетін шәкірттерді кемел ұстаздарымыз тәрбиелей бермекші.

 36 жылдық тарихы бар қара шаңырақта білім нәрімен сусындаған шәкірттерге, өз уақытын аямайтын, шәкірттің бақытын аялайтын шығармашыл ұстаздарға шығармашылық табыстар тілейміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.