Жақында №2 жалпы орта білім беру мектебінде «ЖТБО технологиясы арқылы сабақ үстіндегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру» әдістемесі бойынша семинар-практикум өтті. Оған қала мектептерінен бірқатар бастауыш сынып мұғалімдері де қатысты.
1 «г» және 3 «в» сыныптарының мұғалімдері Еркасова Әлия Шаймұратқызы мен Бушумбаева Нұргүл Хамитқызы аталған технология негіздері бойынша арнайы оқу курстарынан өтіп, өз білімдерін жетілдіріп келген болатын. Ұстаздар бұл жолы математика және қазақ тілі пәндерінен ашық сабақтар өткізу арқылы тың әдістеменің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп берді.
Ал, оқушылар болса, сабақ барысында түрлі тапсырмалардың шешімін тауып, жаңа тақырыпты бар ынталарымен тыңғылықты меңгеріп отырды. Олар ұстаздарының көмегенсіз, өз білімдерін өздері әділ бағалай алатындарын да аңғартты.
Іс-шара соңында ұстаздар осы күнге дейінгі қолданылып келген педагогикалық әдіс-тәсілдер мен жаңашыл әдістемелердің артықшылықтары мен ерекшеліктері жайында ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, бірегей жобаның басымдылығы мен оқушылардың білім сапасын көтерудегі маңыздылығы да назарға алынды.
Айгүл МОЛДАШ