1.Биылғы 2018/19 оқу жылында мектебіміздің даму жоспарына сәйкес төрт шығармашылық топ құрылған болатын.Біздің бастауыш топ мұғалімдерінен құрылған фокс тобымыз «Жалын» деп аталды.Топ мүшелерінің басым бөлігі жалындап тұрған жастар.Мұғалімдердің жоспарлы бағыт бойынша жұмыс жасауына алдымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, сұхбаттастық.Сол жерде әріптестеріммен тренинг өткізіп, қарым-қатынас дағдыларын орнатудан бастадық. Дөңгелек үстелдегі ашық сұхбаттасуға мектеп басшымыз да қатысты.Ұстаздарымыз ойын ашық айта отырып,сауалнама да жазылды. Алдағы мақсатқа сәйкес жоспарды жүйелі түрде ұйымдастырдық.Бірлестік жұмысы мен тәрбие жұмысын біріктіріп, мектептің даму жоспарын басшылыққа алып, бірден қызыға жұмысқа кірісіп кеттік.
2.Алдымен әр сыныптағы өнерлі, үлгерімі төмен, дарынды оқушыларды іздеу мақсатында іріктеу жұмыстарын өткіздік.Топтық жұмыстың тиімділігі бағытында топқа бөліп,түрлі тапсырмалар берген болатынбыз.Әр сыныптан ерекше оқушылар анықталды.
3.Топ жетекшісі ретінде тиімді кері байланыс орнату мақсатында бастауыш сыныптар арасында «Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас»тақырыбында апталық өткіздік.Бұл апталықта әр мұғалім ашық сабақтардан басқа түрлі білім жарыстары мен спорт сайыстарын өткізді. Даярлық тобы мен 1-сыныптар арасында «Білімді мыңды жығар», 2-сыныптар арасында «Шынықсаң -шымыр боласың» атты спорттық сайыстар кызықты өтті. 3-сыныптар көркем еңбек сабағынан «Үйренерім көп менің»атты көрме ұйымдастырды.«-Не деген шебер жұмыстар десеңізші?! Арамызда осындай өнерлі оқушылар мен олардың ата-аналары бар екендігін көрдік.»Ал 4-сыныптар мен олардың ата- аналарымен бірге «Тіл-алтын қазына»
- Бастауыш апталығының ашылуын концерттік бағдарламамен бастаған болатынбыз.Ұстаздарымыз сондай өнерлі.Олар әнді де,биді де өздері орындап өнер көрсетті.Мектебмізде өткізілген «Мерейлі отбасы» өнер додасының жүлдегері Юсуповтар отбасы да өнерлерін көрсетті.Өз фокс тобымыздың Әнұранын мұғалімдер болып айттық.Сөзін әріптесіміз Сабенова Гүлмира жазды.Сонымен бірге «Жалын» тобымыздың төсбелгісін мақтанышпен тағып, бір- бірімізді марапаттадық
- Мектебімізге Атырау облысы бойынша«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» қоғамынан жаңартылған білім беру бойынша аға тренерлер Төребекова Эльмира мен Жолмуканова Балауса әдістемелік көмек көрсету мақсатында шақыртылды.Олар қазіргі таңда сабақ жоспарларын қалай табысты жоспарлау керектігін үйретті. Бастауыш сынып мұғалімдеріне керекті керемет кездесу болып өтті деп ойлаймын.
Китуова Мария Маратовна,
Атырау қаласының
№23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
«Жалын» тобының жетекшісі