Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері

Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті ұрпағымыздың игерген біліміне, іскерлігіне, сөйлеу тілі мен сөйлеу мәдениетіне, ойлау қабілетіне байланысты. Осы орайда білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үшін сөйлеу тіліндегі түрлі дәрежедегі кемшіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, бала бойындағы кемшіліктерді түзету жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Баланың білім мазмұнын игерудің бастауы мектепке дейінгі мекемелер болып табылады. Бала осы кезеңде білімді игеруге қажетті іскерлік пен дағдыларды бойына сіңіре бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін қоршаған дүние көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақтағы алған білімінің жеткілікті дәрежеде қалыптасуының бірден-бір кепілі – сөйлеу тілінің, яғни сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін игеру.

Қазіргі өркениетті қоғамдағы алға қойылып отырған басты міндеттердің бірі – арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі болып отыр.

Осыған орай, арнаулы балалар мекемесінің алдында тұрған ең маңызды мәселе жалпы тіл кемістігі бар балалардың ерекшелігін терең зерделей отырып, арнайы білім беруін тиімді ұйымдастыру негізінде қоршаған өмірмен қарым-қатынас жасауға бейім тұлғаны қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыруда жалпы сөйлеу тілінде кемшілігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың орны ерекше.

Қазіргі педагогикалық тәжірибе логопед мамандардан мектепке дейінгі жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамытуды қамтамасыз етуде объективті түрдегі ақпараттармен толықтырылған қоммуникативтік қабілеттілік пен сөйлеу әрекетін бейнелейтін коррекциялық-педагогикалық нұсқаулардың құрылуын талап етіп отыр. Көрсетілген сөйлеу тіліндегі кемшілік кезіндегі түрлі психологиялық-педагогикалық ықпал ету жұмыстары біртұтас психологиялық әдістемелерге ортақ талдаулардың қорытындысын логопедке жалпы сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу тілінің дамуындағы объективті жағдайлардың қорытындысы мотивациялық қажеттілік сферасының қалыптасу деңгейі, қарым-қатынасқа түсу актісінің операциялық механизмдерінің даму деңгейі, сөйлеу кезіндегі тілдік сипаттағы құралдардың қолданылуы түрінде сипатталады.

Бүгінгі білімді, мәдениетті адамды жай «білімді» адам емес, өмір сүруге бейімделген, құзыретті адам ретінде тануымызға болады. Білім беру үрдісіндегі балабақша түлегіне білім мен оның жетістігін игерту қарым-қатынас құралы – сөйлеу тілінің көмегімен жүзеге асырылады. Сөйлеу оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі бөлігі бола отырып, білім алушылардың дағды мен іскерлікті игеру түрткісі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуында нәтижелі бағыттар ретінде тұлғаны және оның танымдық әрекетін зерттеу негізге алынып отыр. Сөйлеу тілін дамыту жүйесіндегі негізгі элемент қойылған мақсат-міндеттерді шешуге қажетті педагогикалық-психологиялық жағымды жағдайларды туғызу болып табылады.

Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесі — сөйлеу тілі бұзылған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуінің қалыптасуына бағытталған, педагогикалық заңдылықтарды оқып танитын, педагогикалық ғылым. Берілген әдістеменің негізгі мақсаты – өз тіліне оқытудың ғылыми негізделген жүйесін өңдеу. Жалпы сөйлеу тілін дамытудың әдістемесі жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың тілін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Жалпы сөйлеу тілін дамытудың әдістемесінің мазмұны – тілдің коммуникативтік қызметтерін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ана тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, сөйлеу тілінің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу,   сауаттылыққа тәрбиелеу болып табылады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларды сөйлеуге үйретудің тәсілі ретінде көркем әдебиетпен таныстыру жұмыстары да қолданылады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатындағы жұмыстарды жүргізуде мына міндеттерді атауға болады:

  • Сөйлеу әрекетінің онтогенезіне зерттеу жүргізу;
  • Сөйлеу тілінің түрлі бұзылымдары кезіндегі сөйлеудің дамуын зерттеу;
  • Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды ана тіліне оқытудың принциптеріне талдау жасау;
  • Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеуін дамыту;
  • Мектепке дейінгі арнаулы балабақшалардағы сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының мазмұнын және оның ұйымдастырылуын анықтау;

Көрсетілген міндеттердің мазмұны сөйлеуді дамыту жұмыстарында қолданылатын арнайы әдістеменің теориялық және практикалық бағыттарын анықтайды. Бұл міндеттерді шешуде сөйлеуді дамыту әдістемесін басқа ғылымдармен (тілді зерттеу; психология; лингвистика; психолингвистика; жалпы педагогика; мектепке дейінгі және арнайы педагогика; логопедия) байланысты анықтайды. Берілген міндеттерді шешуде ең басты міндет – сөйлеу тілін дамыту әдістемесі теориясының мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мамандар тәжірибесімен ұштастырылуы.

Сөйлеуді дамыту әдістемесі педагогтан жалпы психология мен педагогика ғылымдарымен байланысты бала дамуының психофизикалық заңдылықтарын білуді, психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың әдістерін қолдануды, тіл дамыту сабақтарын дұрыс жоспарлай білуді талап етеді. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда баланың жалпы танымдық қабілетінің деңгейлері (қабылдау, есте сақтау, зейін, ойлау) ескеріледі. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесінде жалпы дидактикалық түзету жұмыстары қарастырылады. Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негіздері педагогика ғылымындағы (жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, арнаулы педагогика) оқытудың дидактикалық принциптер, әдістер мен тәсілдер болып табылады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалармен логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда баланың сөздік қорының көбеюі, сөздің грамматикалық құрылымының деңгейі, әлеуметтік ортаға бейімделуі қамтамасыз етіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Е.А. Екжанова, Е.А. Стребелева. Коррекционно-развивающее обучения и воспитания. Москва 2003г
  2. Р.И. Лалаева, Н.В. Серебрякова. Коррекция общего недоразвития речи у дошкольников 1996г
  3. Н.С. Жукова, Е.М. Мастюкова Особенности связной монологической речи детей старшего дошкольного возраста с общим недоразвитием речи. Л – 1987г
  4. Бреслав Г. М. Эмоциональные особенности формирование личности в детстве. М.,1990г.

Бақытова Фатима Нұрболатқызы,

№10 «Алма» сөздері бұзылған балалар үшін

арнаулы (коррекциялық)

мектепке дейінгі ұйымының логопеді,

Ақтөбе қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.