Home » Оқу-әдістемелік материалдар » ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ 

Ихсанов Х.У.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
«Тұлғаны  тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
кафедрасының аға оқытушысы

 

Адам өмірінде «Алтын бесігі» атанған білім ордасында оқушылар өмір заңдылықтарына үйренеді. Мектепте оқушылар тек білім алып қоймай, олар халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін, сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, адами құндылықтарын бойына сіңіреді. Жас ұрпаққа адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірімен байланыстыра отырып білім беру ұстаз қауымына жүктеледі, жүйелі тәрбие жұмысының нәтижесінде, өз міндетін айқын сезінетін, мінез-құлқы жетілген, жан-жақты білімді саналы адам қалыптасады. Ал, мектепте бала бойына ең маңызды адамдық қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды бала бойына жас кезінен сіңіру мұғалімнің, ата-ананың міндеті. Мектепте де, үйде де бала тәрбиесінде қазақтандық патриотизмге басты көңіл бөлу, баланың ұлтын сүюге, ана тілін білуге, қазақи мінез-құлық қалыптастыруға, салт-дәстүрді көбірек үйренуге көңіл аудару, ұлттық өнерге баулу, шыққан тегін білуге үйрету, еңбек етуге тәрбиелеу, денсаулығы дұрыс болуын қадағалау. Қарулы күштердің қатарында қызмет етудегі жасөспірімдердің жоғарғы дайындығына қол жеткізу үшін олардың жақсы дене дайындығы үлкен маңызға ие. Оған қозғалыс қасиеттерінің  қажетті даму деңгейі, бәрінен бұрын күш, шыдамдылық, жылдамдылық, икемділік, сонымен қатар, жүйкеге түсетін психикалық ауырлықтарға, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұрақтылық пен батылдықтар да енеді. Мектептерде Президент сынамаларының нормативтерін сенімді түрде орындауына, спорттық әскери-қолданбалы түрлерімен үздіксіз айналысуға туристтік жорықтарға қатысуға, өз денесін жетілдіруге үнемі назар аударуға, өз бойында батылдықты, ерік-күшті, моральдық-психологиялық тұрақтылықты, денеге түсетін көп көлемдегі ауырлықтарды көтере білу қабілеті мен даярлықты, бастапқы дәрігерлік көмекті  көрсете білуді және дене жаттығуларын орындауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету барлық жағдай жаслуы тиіс. Осы айтылып отырылған ұсыныстар жалпы білім беретін мектептің жасөспірімдердің дене дайындығын күшейту үшін жаттығудың сабақтық және сабақтан тыс түрлерін ұйымдастыру жүйесін қарастырады. Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы патриоттық тәрбие беру бағдарламасында оқушыларды қазақстандық патриотизм мен интернационализм, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік Отанға және Қарулы Күштерге деген сүіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Патриоттық тәрбие беру бағдарамасын іске асыру барысында әскери патриоттық және дене тәрбиесінің өзара байланысын қамтамасыз ету, үйде жаттығуы, спорттық секцияларға, президент сынамаларына, спорттық әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыстарға, туристік жорықтарға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте дене тәрбиесі мұғалімі мен алғашқы әскери пән оқытушының тарапынан педагогикалық басшылық жасау міндеті болып табылады. Жасөспірімдердің дене және әскери қолданбалы дайындығын дайындығын күшейту үшін оқудан  тыс жаттығуларда әскери-патриоттық ойындарда кең пайдаланған жөн. Жаттығу барысында қозғалыс қасиеттерін дамытуға көбірек назар аударылуы тиіс. Олардың даму деңгейі арту үшін жүгіру, кросс, шаңғымен жүгіру жүктемелерін ұзақ уақыт бойы және жүйелі түрде орындау, сондай-ақ күшті, икемділікті, күш және шыдамдылықты дамытуға себепші болатын ауырлықтарды: штангі, гірлерді көтеру, гимнастикалық снарядтардағы жаттығуларды пайдалану себепкер болады. Қозғалыс қасиеттерінің жақсы дамуы үшін сабақтың тығыздығы мен қарқындығын арттыру қажет. Бұл үшін жаттығулардың қызығушылығы мен белсенділігін көтермелейтін жаттығулардың қызығушылығы мен белсенділігін көтермелейтін жаттығудың айналма әдісін, кедергілер алабынан өтуді жиі қолдану. Көп адам жаттыға алатын снарядтарды, тренажерларды, ұсақ спорттық жабдықтардың көптеген жиынтығын, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану керек. Қажетті қозғалыс қасиеттері мен іскерліктің дамуымен бірге оқушыларда моральдық ерік қасиеттерін, мектепте сондай-ақ тыс жерлерде де дене жаттығуларымен дербес айналысуға деген ұмтылысты тәрбиелеу қажет. Негізгі қозғалыс дағдыларын дамытуға, президент сынамаларының және оқу бағдарламасындағы нормативтік талаптарды тапсыруға даярлауға баса назар аудару қажет. Әскери қолданбалы жаттығулар үлесінің көптігімен, дағдылармен іскерліктерге үйретуде стандартты емес жағдайларда пайдалануымен; жекпе-жек тәсілдерін; күрделі және күтпеген жағдайларда шешім қабылдауда қажет ететін жаттығуларды сабаққа енгізу мен үлкен дене жүктемелерінен ұзаққа созылған жүгірістен, шаңғы қашықтығын жүріп өткеннен кейін қозғалыс қимылдарын орындап жаттығумен; моралдық-еріктік қасиеттерінің денеге түсетін үлкен күшпен  психикалық қиналысты жеңуге деген қабілеттілікті тәрбиелеуге басты назар аудару керек. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауы, жүйелі түрде спорттың түр-түрімен айналысқан оқушы өз Отанын қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені, кез келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстанда өзінің қорғаныс қабілетін сақтауы-мемлекеттік міндеттердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Республикалық ғылыми-әдістемелік,спорттық-патриоттық журналы-2017 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім Академия ұсынған БӘД пәніне әдістемелік нұсқау.
2.Ахмедиев Т.А.  Еліміздің жастарына патриоттық тәрбие беру.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.