Ағымдағы жылдың 15-мамыр күні Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасылық тәрбие жас ұрпақтың азаматтығын қалыптастырудың негіз болып табылады» тақырыбымен Железин №3 жалпы орта білім беру мектебінде де жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 72 ата-ана және 26 мұғалім қатысты. Бұл жиналыстың негізгі мақсаты — ата-аналарды отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға тарту, балаларды тәрбиелеудегі рөлдері мен жауапкершілігін арттыру және мектеппен тығыз байланысты орнату болып табылды. Жиында өскелең ұрпақты «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен тәрбиелеудің рөлі, ата-ана және мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартудағы отбасылық құндылықтар, 9-11 сынып оқушыларының қортынды аттестациясы, оқушылардың оқу жылының қортындысы бойынша білім сапасы және қамқоршылық кеңестің жұмыс барысы талқыланды. Негізгі тақырыптардың бірі болып Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес (31-бап, 1-тармақ) 1-сыныпқа оқытуға алты жастағы балаларды қабылданатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында «Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі», «Абай бол! Терезе…», «Баланы интернеттен қорғау», «2016-2018 жылғы Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» бейнероликтері көрсетілді. Қамқоршылық кеңестің ағымдағы жылдағы атқарылған жұмыстарына есеп жүргізіліп, келесі жылға жоспарлы ұсыныстар назарға алынды.
Самал Сеилханова,
Железини №3 ЖББОМ
ДТІЖ орынбасары.