Home » Ашық сабақтар » Жалгасова Айгуль. Балаларға арналған логоритмикалық ойын жаттығулары

Жалгасова Айгуль. Балаларға арналған логоритмикалық ойын жаттығулары

   

Жалгасова  Айгуль Досаевна,
№34 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының
логопед- дефектологі

 

 

 

 

Логоритмика – тіл  кемістігі синдромындағы психомоторлық фунциялардың даму, тәрбилеу және бұзылу заңдылықтарын зерттейтін логопедия   мен    дефектология бөлімдерінің бірі.

ХХ ғасырдың басында Европада–швейцариялық педагог және сазгер Эмиль Жак Далькроз  «ритмикалық тәрбие», жүйесінің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-жылдары Россияда – В.А. Гиляровский, Н.А. Власова логопедиялық ритмиканы тіл кемістігін түзетуде қолдануды ұсынады. Қазіргі кезде, логопедиялық ритмика–жалпы тіл кемістігі бар балаларды түзету-тәрбиелеу жүйесіндегі міндетті компонент болып отыр.

Логоритмиканың теориялық аспектісі:

«Ең алғашқы түсінік-сөз. Әуен және қимылдың байланысуына негізделген. Аталған  компоненттердің  байланысы әртүрлі болуы және де  олардың біреуінің өзара артықшылығы болуы мүмкін»-деп,  Г.А.Волкова айтқан.Логоритмиканың негізгі үш компоненттері болады: сөйлеу, әуен, қимыл.

Логоритмикалық ойын жаттығуларының  түрлері  екіге бөлінеді:

Бірінші- тілдік емес  іс -әркетерді  дамыту, тәрбиелеу және  түзету.

Олар зейінің ,есту  қабілетін көру-бағдарлау түсініктері, қимылды  түзету,  қозғалыс  кезіндегі  қарқыны мен ырғақ  сезімдері ,жеке тұлғаны , мінез құлақты ,тәрбиелеу.

Екінші -тіл  кемістігін түзету дамыту; тыныс  алудың қарқыны мен  ырғағына  тәрбиелеу. Тілдік кемістіктің механизмдері мен  бұзылыу симптоматикасына  байланысты  түзету және  оны жою әдістемелері қолданылады.

Логоритмиканың  негізгі  маңыздылығы:

Жыл өткен сайын  логопед-дефектологтардың бақылыуы бойынша  балабақшаларда  тіл кемістігі  және  психикалық  дамуы  тежелуі  бар  балалардың  саны арта түскендігі  байқалады. Бұл  ата-аналардың балаларға  аз көңіл -бөлуінің, баланың теледидарды көп  қарауының, балалардың арасында  жалпы  ауруларының көбейюінің,нашар экологияның  әсерінің нәтижесінде болып отыр. Содықтан да  педагагогтар балалардың  тіл кемістігін  түзетудің  жаңа  тиімді  әдістерін іздестіру қажет. Осы  бағытта  логоритмикалық ойын жаттығулары түзете — дамыту жұмыстарында  неғұрлым пайдалы  әсер беретіндігін дәләдегім  келеді. Ол балалардың тіл кемістігін түзетуді,ойын жаттығуларын қимыл-қозғалыс белсенділігін  арттырады. Ұсақ  қол моторикасын  дамытып, ойлау қабілетігін   зейін  көлемін  тұрақтандырады.

Логоритмиканың негізгі бағыттары:

Түзете дамытушы технологиялар, саусақ жаттығулары.Трафаретпен баспа жұмысы,

қимыл-қозғалыс жаттығулары. Тілдік жаттығулары болып  келеді.

Логоритмикалық ойын жаттығуларының дайындау кезеңі: болады.

Мазмұны: Логоритмикалық ойын жаттығулары арқылы тақырыпқа сай балалардың сөйлеу тілі, ырғақты қимыл-қозғалысы қарастыралады.

 

Жұмыс түрі: логоритмикалық ойын жаттығулары.

Жауапты тұлғалар: Саз, жетекшісі,логопед, тәрбиеші,балалары болады.

Логоритмикалық ойын жаттығуларының негізгі мақсаты:  дамыта-тәрбиелеу және түзету бағытымен қимыл-әрекет аймағын сөзбен және музыкамен біріктіріп сөйлеу тілінің бұзылымдарын алдын-алу және түзету. Сонымен қатар алға қойған мынадай міндеттері бар:   жалпы және ұсақ моториканы дамыту. Қимылды мәтінге және ырғақ сезіміне сәйкес дәл орындай білу дағдысын жетілдіру. Артикуляциялық аппаратты дамыту. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Әуенді қабылдауға тәрбиелеу, зейінді, есте сақтауды, тілді дамыту.

Өз тәжірибемде   логоритмикалық ойын жаттығуларын  жүйелі түрде  кірістіре отырып, сөздің, әуеннің және қимылдық синтезі балалардың белсенділігін, өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеуде көп көмегін тигізетінін байқадым. Барлық осы айтылғандар логоритмикалық ойын жатығулары баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Сөзді, әуенді және қимылды біріктіру  нәтижесінде балалар оқу іс-әрекеттері кезінде өздерін еркін ұстай білуге үйренеді. Олардың  ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалардың  өз қимылдарын басқара білуі  жетіледі, ширақ және  дербес бола  түседі.

Логоритмикалық ойын жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуы, еске сақтау, байқау қабілеттерін  жақсартуға  болады. Бала тілін дамытуда психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жүргізу қиынға соқты. Сондықтан логоритмикалық ойын жаттығуларын игерту және есте сақтауын жақсарту мақсатында трафаретпен жұмысты  қосып отырмын. Психикалық дамуы тежелген топта жасайтын болғандықтан,  логоритмикалық ойын жаттығуларының ішіне трафаретпен баспа жұмысын қосып отырмын. Өйткені бұл балалардың  ұсақ қол моторикасы дамымаған болғандықтан, қимыл белсенділіктері төмен тапсырмаларды дұрыс орындамайды.

Логоритмикалық ойын жаттығуларын  өткізпес бұрын трафаретпен баспа жұмыс беремін. Біріншіден балалар контур сызықтарды   бастырады, екіншіден үзік сызықтармен штрихтайды, үшіден түрлі-түсті қарандаштармен бейнелерді бояды. Содан кейін логоритмикалық ойын жаттығуын өткіземін.Бұл ойында балалар сазды әуен ырғамен қимыл-қозғалысты орындайды, саз жетекшінің сүйемелдеуімен орындайды.

Логоритмикалық ойын жаттығулары саз әуенімен, ырғақты қимыл қозғалыс дәл келгенде  өз жемісін бере  бастады.  Балалар   осындай   ойын жаттығуларын   асыға күтетін болады.  Тілдік   жаттығулары бар ойындарға  белсене қатыса бастады.  Мен  сөздік  жаттығуларды,  өлеңдерді  балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған,  аяқ бұлшық еттерін, денесінің қозғалысын әуен ырғағына сәйкестендіріп таңдадым. Логоритмикалық жаттығуларды орындау барысында ,төменгідей кезек болуы керек: балаларға   көрсету бойынша әрекет жасаймын, қажетті ырғақпен, сол ырғақта айта немесе  әндете отырып, өз беттерімен орындайды. Мысалы:

Тілдің бұлшық еттерін дамытуға   арналған  жаттығулар

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Пойыз келеді.

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Бәрі жол береді.

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Жүгіріп өтпе

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Тұра тұршы шетте.

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Пойызды өткіз.

Қол бұлғап қалайық-

Жол болсын ! -деп біз.

Жел улейді: у- у,

Құйын келіп билейді: зу- зу,

Қатты — қатты жел соқты: гу- гу,

Жапырақтар қол соқты: ду- ду.

Осы сияқты бірнеше мысал келтіруге болды.

Аяқтың бұлшық еттерін   дамытуға арналған жаттығулар.

Төменде берілген жаттығуды орындағанда аяқтың ұшы көтеріліп, қайтадан жерге түседі.

Орындау барысында аяқ бұлшық еттерін  ширығып, содан кейін босаңсиды.

Еркін  ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді,

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақ.

Бір,екі,үш,бір,екі,үш.

Аяқты алға созайық,

Тік  көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық,

Бір, екі,үш,бір,екі,үш

***************

Отырып – ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең, егерде

Былай ескек есемін.

**************

Тырс тырс , тырс тырс!

Жаңбыр көп жауады,

Тамшылар тамады,

Тырс тырс , тырс тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс тырс , тырс тырс!

Жаңартып ауаны

Жаңбыр көп жауады.

Қолдың ұсақ моторикасына  арналғандамытушы  жаттығулар

Там, там, тамшы , там,

Там, там, тамшы , там,

Тамшы там, нөсерлет.

Тамшыдан өсер көк.

***************

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт сұрт етті,

Біз бұға қалдық.

***************

Бас бармақ бастық екен,

Сұқ саусақ сақтық екен,

Ортан қол ойшыл екен,

Аты жоқ саусақ тойшыл екен,

Ал шынашақ еңбекшіл қойшы екен.

Бастық басқар, сақтық сақтар,

Ойшыл ойла, тойшыл тойла.

Саусақтарды бүгеміз,

Саусақтарды бүреміз.

Бүгіп , бүріп саусақты,

Сергіп қалдық, міне, біз

« Ақ қоян»

Ақ қояным отыр,

Жыбырлатып құлағын

Былай-былай,

Жыбырлатып құлағын

Қоян тоңды отырып,

Өз қолдарын жылытып

Былай — былай,

Өз қолдарын жылытып,

Қоян тұрып тоңды

Секіріп-секіріп  алды,

Қасқыр келіп қалды деп,

Қоян шошып қашты.

Мақсаты:Балалардың ой –өрісін   дамытып, оларды дұрыс сөйлей білу деңгейіне жеткізіп, сөздік қорларын, байытуға қол жетгізу.

« Ұзын  мұртты құмырсқа»

Ұзын  мұртты  құмырсқа

Келе жатты жұмысқа.

Допты алды қолына

Допты қойды жолына,

Оң жағына қарады.

Сол жағыны  қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, дене, аяқ, қол бұлшық еттерін, есте сақтау, көріп қабылдауын дамыту.

«Аю»

Маймақ аю жайраңдап,

Жүреді аю жайраңдап,

Дейді Аю- бәріне,

Бал бересің бір бөшке.

Мақсаты: Балалар екі қолдарын алға созылған қалпында, табандарының сыртқы жағымен жүреді. Аяқтың бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар.

Балалармен қарым-қатынысты дұрыс ұйымдастыруға  өте маңызды. Әр балаға деген жылы шырайлы, мұқият көзқарас-бұл табысты жұмыс кепілі сондай-ақ жақсы нәтежелерде жетудің қажетті шарттарының бірі –педагогтар мен ата-ананың   қарым-қатынасы  тілдік, саусақ ойындарды , динамикалық үзілістерді тәрбиеші мен психолог өздерінің   жалпы білім беру жұмысында қолдана алады, осы ойындар мен жаттығуды үйде  бекіту үшін кеңес ретінде  ата-аналарға ұсынуға болады. Кез-келген логоритмикалық жаттығулар  адам миының жұмысын белсенді етеді. Жүйелі логоритмика әрекеті  балалардың тілінің дамуына, құрасдарымен  қарым-қатынас жасауға   ықпалын тигізеді.  Сондықтан логоритмикалық ойын жаттығулары  балалар  үшін әдемі сөйлеу мерекесіне айналды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.