Home » Ашық сабақтар » Жайыққа саяхат

Жайыққа саяхат

Білім беру саласы: Таным.

Ұ.О.Қ: Жаратылыстану.

Мақсаты: Жайық өзенінің тарихы туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту, әр ойын жинақтап айтуға үйрету. Туған жердің табиғатын аялауға, үлкеннің ақылын тыңдауға, төзімділікке, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Жүру барысы:

— Балалар, біз қай қалада тұрамыз?

— Біздің туған жерімізде қандай өзен, көлдер бар?

Балалар жауап береді.

Ендеше осы Жайық өзені туралы әңгімелеп берейін.

Жайық туралы мағлұмат беру.

Өзен дегеніміз – өзі салған арнамен ағатын ағатын су ағыны.

Біздің Атырауда Жайық өзені бар. Ол Жайық өзені – Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды. Жайықты екі бөлікке бөледі. Бір жағы – Европа, ал екінші жағы – Азия. Жайық өзенінің тасуы-сәуір айынан басталып, мамыр айының ортасына дейін тасиды. Ол кезде Жайыққа адамдар баруға болмайды. Осы Жайық өзеніне арнап көптеген жазушы, сазгерлеріміз ән-өлең шығарған. Біздің Фариза Оңғарсынова деген ақын апамыз Жайық туралы өлең шығарған екен.

Тәрбиеші өлеңді оқиды.

Қыстағы байсалдылық былай қалып,

Жайықтың суы жатыр лайланып.

Бұлқынған сағынышпен жүректердей,

Соғады жарға толқын шыр айналып.

Өлеңді мнемо-кесте арқылы балаларға жаттату.

Ендеше бүгін біз Жайық өзеніне саяхатқа барамыз.

Жайық өзені мен көпірдің жасалған макетіне апару. Қатынау үшін ортаны байланыстыратын көпір бар. Ол мына үлкен көпір.

— Сендер қалаға барғанда көпірмен өтіп көрдіңдер ме?

— Міне, бұл да сондай көпір: көпірдің үстімен машиналар, адамдар өтсе, ал астынан су көліктері – кеме, қайық жүзеді. Жайық өзенін ластауға болмайды, оның жағасына жаз мезгілінде суға түсіп, серуендеуге болады.

Бірақ табиғатымызға залал келтіруге болмайды. Жайық өзенінде көптеген балықтар болады олар: сазан, көксерке, табан, бекіре, жайын, т.б.

Бұл балықтарды арнайы рұқсаты бар балықшылар аулайды.

Слайд арқылы балықтардың суретін көрсету.

— Ендеше балықтардан жасалған көрмемізге барайық.

— Міне, көрмеде көптеген балықтар бар екен. Балықтарды адамдар тағамға пайдаланады. Оларды кептірілген, қақталған, тұздалған, қуырылған т.б. түрде жейді. Балықтан уылдырық шығады. Оның екі түрі болады: қызыл және қара.

Балық адамның денсаулығына пайдалы.

Флипчарт арқылы су асты әлемін құрастыру.

Жұмбақ жасыру.

Суда өседі, суда өнеді,

Сыртқа шықса өледі (балық)

  • Балалар енді біз балыққа тәжірибе жасап көрейік.

Тәжірибе жасау.

Ол үшін екі ыдыстағы сумен екі балықты алып, бірін таза суға, бірін лай суға саламыз. Қай судың балығы қалай тыныс алып және қозғалуын бақылаймыз.

— Балалардан тәжірибеден не бақылағанын сұрау.

— Міне, балалар, көрдіңдер ме? Лай суға салынған балыққа қарағанда таза судың балығы еш қиындықсыз жүзуде, міне осыдан қорытынды: біз өзіміздің табиғатымыздың бірі – Жайық өзенін ластамауымыз керек және экологияны таза ұстауымыз қажет.

Слайд арқылы экологиялық суреттер көрсету.

Сергіту-сәті:

Суды құямыз   (тұру)

Суды ішеміз (отыру)

Сумен жуынамыз   (қолмен көрсету)

Су қатпайды     (тұру)

Су сұйық зат   (отыру).

Мақал-мәтел:

Суымен жайық-әдемі,

Ескегімен қайық-әдемі.

Қорытындылау:

  • Біз қандай өлкеде тұрамыз?
  • Өлкемізде қандай өзен ағып жатыр?
  • Флипчарт арқылы біз нені құрастырдық?
  • Қандай тәжірибе жасадық? т.б.

Қайырсалихова Баян Сахипуллаевна

                                                   №59 «Ақбөбек» балабақшасының

                                                             II санатты тәрбиешісі,

Атырау қаласы, Ақжар селосы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.