Home » Поэзия » Жайнай бер, Жаңаөзен!

Жайнай бер, Жаңаөзен!

Ғажайып бір қала бар — Маңғыстауда

Күн сайын көркеюде, жаңаруда

Жарқын болашағына жетелейтін

Жол ашқан мақсатыңа, арманыңа

 

 

Мектебім жаңа ашылған білім орда

Жаңашыл білім берген балаларға

Ашылған алтын кілті мектебімде

Жасалған сара жолы шын ғылымға

 

Қызғалдақ, гүл көмкерген көшелерін,

Сан түрлі гүлдері бар — кілең керім.

Қаласына сүйсініп қарап тұрған,

Көресін Қашағаңның ескерткішін.

 

Газеті бар аудандық шығып тұрған,

Халықтың мұң мұқтажын ұғып тұрған.

Сан түрлі тақырыпты елге арнап,

Халқынан Жаңаөзеннің алғыс алған.

 

Жаңаөзен қала болған қанат жайған,

Көбейген елордасы шағын аудан.

Астана, Арай, Мерей, Бәйтерегі

Күн сайые өркендеген-ел жаңарған.

 

Жібек жолы жалғасқан Нұрлы жолға

Жауап берген Елбасы жолдауында

Елдерге өркениетті жету үшін

Қадам басып барады — Болашаққа

 

Осындай бір қала бар Маңғыстауда

Жасалған бар жақсылық балаларға

Мен өзімнің қаламменен мақтанамын

Басатын нық қадаммен болашаққа

 

Ғажайып бір қала бар Маңғыстауда

Көзіңмен келіп көрде тамашала

Отанның қасиетті бөлшегіндей

Жаңаөзен елім үшін бақыт орда

 

Жымыңдаған жұлдыздар секілденіп

Шамдары түнде жұлдыздар нұрын шашып

Жасалған адам үшін барлық нәрсе

Қарайсың көргеніңе қайран қалып

 

Жасай бер, Жаңара бер, Жаңаөзенім

Мен саған ағытамын жыр өзенін

Болашаққа баса бер — қадамыңды

Ұрпақтарын жетелеп Мәңгі елімнің

Жұмаханова Айдана

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы,

№9 орта мектептің

6 «А»сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.