Жайнай бер, жарқырай бер Астана!
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы толық мағлұмат беру. Балаларды жерін, елін, Отанын қорғауға тәрбиелеу және патриоттық сезімін жетілдіру.
Көрнекілік: презентация
Шаттық шеңбері:
Астана – арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Біз үлкен болғанда да.
- Балалар, 6-шілде біздің елордамыз – Астананың туған күні.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
- Біздің елбасымыздың аты кім?
- Біз қай тілде сөйлейміз?
Балаларға сұрақ қою. Олардан рәміздер туралы сұрау.
- Балалар, кім Астана қаласына барып көрді?
- Енді балалар біз Астанаға саяхат жасаймыз. Астанадағы әсем ғимараттармен танысайық.
Бұл суретте біздің елде көп ұлт өкілдері тұратынын көреміз.
Міне, балалар, біз осылай тазалық жасап жүрсек және ағаш отырғызып, оны әрдайым суарып тұрсақ, біздің ауылымыз таза әрі жасыл болып тұрады. Қоқыстарды далаға тастауға болмайды.
Сергіту сәті.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңмен сермеңдер,
Денелерің шынықсын,
Саналарың шынықсын.
Қорытындылау.
Утебаева Халида Салауатовна
«Айназ» балабақшасы, тәрбиеші
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай ауылы