Білім беру саласы: Қоршаған орта
Мақсаты: Балаларға жаз мезгілінің ерекшеліктерін айтып, сөздерді байланыстыра айтуға дағдыландыру. Тіл мәдениетін қалыптастыру. Жаз мезгілінің табиғат сұлулығын көре білуге және оны бағалауға, қамқор жасай білуге тәрбиелеу. Жазғы еңбек жайлы түсінік беру.
Шаттық шеңбері
Балалар бәріміз қол ұстасып, шаттық шеңберін құрып, алақандарымыздың жылуы арқылы бір-бірімізбен амандасып және де бізге қонаққа келген апайлармен де амандасып алайық.
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз.
Жарайсыңдар балалар, ал енді біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды екен?
-Күннің шуағына ұқсайды.
Олай болса, біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Жаз келді алақай»
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Жаз мезгілі.
-Жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?
-Ыстық болады.
-Күннің пішіні қандай?
-Домалақ.
-Күннің түсі қандай болады?
-Сары.
Дұрыс айтасыңдар. Балалар жаз туралы тақпақ кім айтады
Еркін Райяна
Жаз келіпті дегенше
Қауын пісті дегейсің
Бақшамызда ендеше
Қауын-қарбыз көбейсін.
Мирас
Жаз келіпті қараңдар
Асыр салып балалар
Суға түсіп мәз болар.
Айсана
Жаз келіпті жадырап
Балалар ойнайды,
Далада асыр сап,
Ойынға тоймайды.
Жаз өте ыстық мезгіл. Жаз айларына маусым, шілде, тамыз айлары жатады.Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады.Жаз мезгілінде балалар демалуға қайда барады екен?
-Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге, суға шомылуға барады.
-Балалар сендерге суға шомылған ұнайды ма?
-Балалардың жауабы.
Олай болса суға шомылмас бұрын алдымен бір сәт таза ауамен тынысталып алайық бәріміз.Ал енді киімдерімізді шешіп, басымыздан күн өтпеу үшін басымызға бас киімімізді киіп аламыз.Суға түспей тұрып денемізді де суға үйретіп алайық.Балалар жаз айында суға түсіп, күнге денеміз күйсе , ол біздің денсаулығымызға өте пайдалы.Қыста біз ауырмайтын боламыз.Сендерге суға шомылған ұнады ма?
-Ия ұнады.
Балалар суға түсіп, көңіл-күйлері өте тамаша болды.
Аширова З.,
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
«№164 бөбекжай-балабақшасы»
I- Санатты тәрбиеші
,