Home » Айтарым бар » Жазғы шомылу маусымындағы балалардың өмір қауіпсіздігін сақтайық!

Жазғы шомылу маусымындағы балалардың өмір қауіпсіздігін сақтайық!

Жаздың алғашқы күнінен-ақ суға шомылу маусымы басталады, соны ескере отырып, суға жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтай білуі маңызды.

Осыған байланысты, ата- аналар мен оқушылардың су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары мен таныстырғымыз келіп отыр. Бірінші кезекте мыналарға назар аудару қажет:

  • Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды
  • Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз
  • Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз
  • Суда жүзу кезінде қолыңызда камера, доп, тақтайша болмасын
  • Суға кету жайында жалған белгі беремңіз
  • Жүзіп бара жатқан катер, қайықтарға жақын бармаңыз
  • Суға биік өткелден, домбыдан, қайықпен катерден секуруге болмайды
  • Өзіңізге таным емес жерге жүзіп бармаңыз
  • Мас күйінде суда жүзбеңіз

Есте сақтаңыздар!  14 жасқа дейінгі балаларға ересектердің қарауынсыз суда жүзуге тыйым салынады! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Есіңізде болсын! Балаңыз Сізден, яғни, ата-анадан үлгі алады!

Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз! ТЖ кезінде жедел құтқару қызметтерін шақыртатын  «112» нөмірлерін балаларыңызбен бірге жаттаңыз. Әрбір азамат  осыны білуі керек.

2019 жылдың 13 мамыр күні Шона Смаханұлы атындағы № 44 орта мектебінде Жамбыл облысы Тараз қаласының Төтенше Жағдайлар Комитеті  мекемесінің қызметкерлері Келіс Д.Ж., Рустемов В.М., Кенжегулов М. «Жаз мезгілінде шомылу маусымындағы балалардың өмір қауіпсіздігі»  тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Максимова Индира,
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің психологы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.