Home » Жаңалықтар » Жазғы лагерь – балалар қуанышы

Жазғы лагерь – балалар қуанышы

2017 жылдың 20 ақпан  — 3 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында «Балалардың сауықтыру лагері басшысының қызметіндегі инновациялық амалдар» атты жазғы қалалық және қала сыртындағы, мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінің басшыларына арналған біліктілік арттыру курсы  өткізілді. Себебі, әр оқу  жылының соңында  балаларға арналған мектеп жанынан жазғы тынығу лагерін ұйымдастыру, оның бағдарламасын жасау,  жоспарлау, кадрлық құрамын бекіту т.с.с  қажетті мәселелер төңірегінде  туындайтын сұрақтарға байланысты тыңдаушылар үшін  жүйелі жоспарланған курс болып отыр.

Курстың алғашқы күні институт директоры Б.Елеусінов тыңдаушылармен еркін аудиторияда пікірлесе отырып, тақырыптың өзектілігін, мақсатын, ерекшеліктерін айта келе, тыңдаушылардың да өз тәжірибелерін бөлісуін және идеяларын тәжірибе аясында енгізу  маңызды екендігімен ой бөлісті. Сабақ кестесіне сәйкес «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Білім беру құндылықтарын кіріктіруді 100 нақты қадам ұлттық жолдарымен» сәйкестендіру тақырыбын Б.Қожамберлиев, «Жазғы лагерь жағдайында тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда сценарийлік-режиссерлік дағдыларды дамыту әдістемесі» тақырыбында О.Орманов, «Жазғы лагерь жағдайында тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда жобалау әдісін шешу» тақырыбында  С.Қусейнов және «Жазғы сауықтыру лагерінде балаларды тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері», «Жасөспірімдердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру»  /шеберлік сынып/ тақырыптары бойынша топқа жетекшілік міндетін атқарған Ш.Бекенов  тыңдаушыларға дәрісті практикамен ұштастыру арқылы жүйелі ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасағанын және теориямен қатар практикалық тұрғыдағы әдіс тәсілдерді жан-жақты қамтығаны қызығушылықты арттырып, ой қозғай білді.

Сондай-ақ, институт мәжіліс залында «Жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастырудағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Басты тақырып аясында -денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану, тамақтану гигенасы, еңбектің және айналадағы ортаның адам ағзасына тигізетін әсері жөнінде Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің балалар білім беру және тағам объектілерін санитарлық-гигеналық қадағалау бөлімінің басшысы А.Шуақбаева, Төтенше жағдайдың пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипат жөнінде Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесі Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы, азаматтық майоры Е.Серманов, «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ Сүңгуір құтқару қызметінің бас құтқарушысы  Б.Әлжанов  және Медициналық-психологиялық қызметінің басшысы А.Оразалиева қатысып, тыңдаушыларға түсіндіру жұмыстарын практикалық іс-әрекет көрсету түрінде жүргізді. Көкейде жүрген сауалдарға жауап алынды, келген қонақтармен өзара пікір алысып, тыңдаушылар өз ойларымен бөлісті.

Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  психологиялық-педагогикалық қызметтегі кәсіби  дамуын жетілдіріп отыруы, кәсіби өсу жағдайының бағыттары уақыт талабына сай жұмыс жүргізіп жатқандығы күнделікті дәріс барысында байқалып отырды. Топтық жұмыс, жоба қорғау, шебердік сынып, жазғы тынығу лагеріндегі баланың қызығушылығын ояту үшін түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру амалдарын табудың жолдарын көрсетіп, ойға қозғау,  шығармашылық мүмкіндікті ашу бағытына жол салды.

Тыңдаушылар өздеріне қажетті тәжірибелік жұмыстарды жинақтап, терең біліммен сусындап, жазғы тынығу лагерін ұйымдастыруға дайындықтарын күшейтіп, демалыс кезінде балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайтындықтарын жасырмады.

                                                                         Жәлімбетов Санжар Русланұлы
Қызылорда қаласы,
№12 орта мектебінің әлеуметтік педагогі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.