Сабақтың мақсаты:Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдерімен таныстыру;есептеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың ойлауын.сабаққа деген ынтасын,қызығушылығын дамыта түсу.Оларды шапшаңдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Құрал – жабдықтар: оқулық, схемалар, дербес жұмысқа арналған карточкалар, Акт құралдары
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
б) Психологиялық дайындық.
Күннен, жерден нәр алған
Біз – өмірдің гүліміз
Есептерден басталған
Сәтті болсын күніміз.
-Балалар қазір қандай мезгіл ?
-Күз мезгілі .
-Күзде қандай өзгерістер болады (Балалар өз жауаптарын айтады)
-Ендеше Күз –байлық , береке.
-Бүгін сендер өз білімдеріңнің жемісін көрсете біліңдер.
Күзгі жапырақ түсіне байланысты топқа бөліну ,топ басшыларын сайлау.
Бағалаупарақшасыментаныстыру .
Математика керек әркүнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
Оқушылардысандарарқылы «Бірліктер», «Ондықтар», 2 топқабөлу.
2.Үй жұмысынтексеру.Әртоптан 1-1 баладан «Доптықақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
«Ой ашу стратегиясы »
Интерактивті тақтадан – 875, 216552, 365, 235 600, 365 897 –сандар қай кластың сандары екенін айту, разрядтық қосылғыштарға жікте
-Жылдың тоғызыншы айын ата,
-3513 3515 арасындағы санды ата .
ІІІ. Жаңа сабақ
Интерактивті тақтадан жаңа тақырыпты оқушылармен бірлесе отырып түсіндіру.
1181*5,59055/5
Абайдың күз өлеңін кім жатқа айтады?
Өлең оқылады.
- Дәптермен жұмыс.
№ 2 Әр топтан 1 оқушыдан шығып 1 бағаннан шығарады.
1 топ 2 топ
25314*2 =50628 252668/2=126334 - 11833*3=35499 444848/4=111212
№3 Есеп
1 топ а ,2 топ ә.
Кірпіш шығаратын зауыттан тұтынушыларға бірінші күні 13085 тал кірпіш,екінші күні одан 2 есе көп кірпіш жіберілді .Екі күн ішінде тұтынушыларға барлығы қанша кірпіш жіберілді.
Ш: 13085+13085*2 = 39255
Ж: Екі күнде барлығы 39255 кірпіш жіберілді.
№ 3 а,ә есептерді топтап остерлер арқылы қорғап шығару.
№3 ә
Үш кірпіш зауытқа 19125 тонна топырақ дайындалып қойылды .Әр зауытқа қанша тонна топырақ тиесілі .
Ш: 19125/3= 6375
Ж: «әрзауытқа 6375 тонна топырақтиесілі.
Сергітусәті
Бір, екі, үш –
Қарлығашбопұш
Төрт, бес, алты –
Қарлығашбопқалқы
Жеті, сегіз, тоғыз,он –
Қарлығаш бопқон
Күзде сапарға аттанатын құстар сендерге тапсырма қалдырыпты.
Логикалықтапсырма
1 . Кей сандарды төңкергенде өзгермейді .Олқандай сан?
- Атасы мен әжесі екеуінің туған күні біркүнде. Бірақ екеуі құрдас емес неге?
3.Шешесі балаларына 10 шоколадтан бөліп , қыздарына үш-үштен ұлдарынаекі-екіден берді.Қыздар нешеу, ұлдар нешеу? - 4 .Қорадағы қозылар мен тауықтардың аяқтары 12, албастары 4.
Тауық нешеу, қозы нешеу.
Екеу ара жұмыс
№4 Көлемі 8 метр куб ,27 метр куб, 64метр куб, 125 метр куб болатын
Текшенің қабырғаларын таңдау тәсілі арқылы тап.
Ш: 2*2*2, 3*3*3,4*4*4*, 5*5*5
Математикалық диктант
805 және 5 сандарының көбейтіндісін 1025-ке арттыру; 805*5+1025=5050
10 000 санын 40025 және 5 сандарының бөліндісіне кеміту; 10 000- 40025/5=1995
4025 және 5 сандарының бөліндісін 100 есе арттыру. 4025/5*100=2 012 500
Математикалық жұмбақ.
Түйе, бота маңбасқан
Төртаяғынтеңбасқан
Шұнаққұлақ бес ешкі,
Қосқұлақты, қосешкі.
Төртқозылыекіқой
Бәрінешеу айта ғой. (19)
11 түйе 5 жылқы
2 сиыр, 2 ешкі
2 қоян, 3 түлкі
Табаалмасаң бол күлкі? (25)
Аққалпақ, көкқалпақ!
Барлығы – алтықалпақ.
Аққалпақ бесеуболды,
Көкқалпақ нешеу болды? (1)
Үйдеаға — жеңгем,
Үшәпке, жездем.
Апам, әкем, шешем,
Інім және мен.
Келді досымТөкен,
Еріпкелді Бекен.
Барлығымыз қанша?
Айтшы санын көкем! (13)
Жеке оқушымен жұмыс – үлестірме тарату.
Рефлексия
-Сендерге қандай тапсырма ұнады?
-Қандай тапсырманы орындау да қиналдыңдар?
Оқушы жауабы.
Сабақты бекіту: (екі топтан екі оқушы тақтада орындайды)
936/6, 320/5, 1120/2, 216/9.
Оқушыларды бағалау. Топ басшыларына өз топтарының мүшелерін бағалату.
Үйгетапсырма: №6.
Тулумбаева Сауле Когамдасовна
СҚО, Жамбыл ауданы,
Озерный жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі