Home » Сценарийлер » Жадира Шаекеева

Жадира Шаекеева

Мерекеңмен, Анашым!

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, шарлар, гүлдер.
Аналарға арналған бейне ролик
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!, қымбатты ұстаз — аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі күн аналарға арналады.
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Балалар залға көңілді ән-күймен,қолдарына шарларын ұстап кіреді.
Осындай үлкен аналар мейрамында аналардың жүзіне қуаныш сыйлап өзінің әнімен аналарымызға арнап әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Анашым»
Аналарымызды әнмен құттықтадық, енді «Балдырған »тобының кішкентай ғана қуыршақ қыздарын әдемі билерімен ортаға шақырамын.
Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Ендеше құрметті ата-аналар осы тақырыпқа байланысты өздеріңізде ойларыңызды бөлісіп отырсаңыздар.
1.Жанұя бақытын не деп түсінесіз?
2.Ата-ана махабаты не деп түсінесіз?
3.Анаңызға алғашқы сыйлаған сыйлығыңыз?
4.Анаңыздың сізге алғаш сыйлаған сыйлығы?
5.Анаңызға жасаған жақсылығыңыз?
6. Осы мейрам сіздердің жанұяларыңызда қалай бағаланады?
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Ендігі кезекте балаларымыздың өнеріне кезек береиік.
Би:
Ойын
Аналармен « Әндер сақинасы» (бір ана ән бастайды келесі ана жалғастырып айтады.
Құрметті аналар сіздердің құрметтеріңізге Ақниет қызымыз өзімен бірге күйін ала келіпті қарсы алыңыздар.
Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Мерекеңмен Анашым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет!

Жадира Шаекеева,
№ 5 «Балғын»бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.