Оқу қызметінің түрі: интеграция
Білім беру саласы: «Коммуникация»
ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Тілін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын, сұраққа толық жауап беруін дамыту. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру. Баланың есте сақтауын, шығармашылық қабілетін, қол икемділіктерін жетілдіріп, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, мекені, қоректенуі және неліктен жабайы жануарлар деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез-құлқын анықтайтын сұрақтар арқылы анық сөйлеуге үйрету.