Home » Сценарийлер » Жабаева Алтынай Пернехановна.Бауырсақ ертегісі

Жабаева Алтынай Пернехановна.Бауырсақ ертегісі

Жабаева Алтынай Пернехановна,
Шымкент қаласы,
№31 «Салтанат» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі

Бауырсақ ертегісі

Білім беру саласы:Коммуникация,шығармашылық.
Оқу іс әрекеті:Көркем әдебиет.
Мақсаты:Ертегіні оқып беру,мазмұнын түсіндіру.Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез құлқын жеткізе білуге үйрету.Сөздерді анық айтуға дағдыландыру есте сақтау қабілетін дамыту.Тұзды қамырдан бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіру .Мүсіндеу әдісін пайдалану.Достыққа мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ,жауап, дидактикалық ойындар.
Көрнекіліктер:Ертегінің мазмұнды суреттер атрибуттар, тұзды қамыр,тақтайша, үлгі сүлгі.
Мативациялық қозғалыс кезеңі:Сәлемдесу.Шаттық шеңбер.
Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз астыда
Бірге сайран құрамыз
Бүгін бізде өзгеше сабақ болады.
Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдерме? (ия)
Ондай болса , балалар біз бүгін сиқырлы кілемге мініп ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Сендердің барғыларың келеме? (ия).


Ол үшін бәріміз көзімізді жұмымыз.Құстай қанат қағамыз. Ертегілер еліне жетеміз.
Топтың ішінде ертегілер ілініп тұрады үстел үсті ертегілер, суреттерінің топтамасына келіп тоқтаймыз.Балалар мінекей ертегілер еліне де келіп жеттік қараңдаршы балалар мұнда көптеген ертегілердің суреттері бар екен.Сендер қандай ертегіні білесіңдер?
Дидактикалық ойын «Бұл қай ертегі?» Мақсаты суреттегі ертегілерді табады. «Шалқан», «Шұбар тауық» , «Мақта қыз бен мысық».
-Балалар сендер тағыда қандай ертегі білесіңдер?
-Бауырсақ
Балалар олай болса, мен сендерге .Бауырсақ ертегісін оқып берейін.Сендер жақсылап тыңдаңдар.
-Ертеде шал мен кемпір болыпты Шал кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды кемпірі бауырсақ пісіріп, суысын деп терезе алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі.Жолда қоянға,қасқырға аюға кездеседі.Түлкі бауырсақты жеп кояды,міні балалар бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды.
Түлкі қандай?
Ал балалар ертегіден жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажыратайық.
Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма?
Сергіту сәті.
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
-Ал енді бүгін Бауырсақ ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса бауырсақ ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық.Балалар оны сахнадан көргендей сахналайды.
Ертеде Шал мен кемпір болыпты.Шал кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды. Кемпірі қойма түбінен қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытып қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесінен домалап түседі.
Алдынан қоян ,қасқыр, аю шыға келеді.Осылай бауырсақ әрі қарай дөнгелей жөнеледі.Алдынан түлкі шығады.
Түлкі:Амансыңба бауырсақ! Көргендерге ұнайды. Жүзін қызыл шырайлы! 
Түлкі: Сен менең оңай құтыла алмайсың менің тапсырмаларымды орындасаң жіберем.
Түлкінің тапсырмасы:Қолында тұзды қамыр болады. Ал, балалар, түлкінің тапсырмасын орындауға бауырсаққа көмектесейк.
Бауырсақтың түсі сары, пішіні домалақ.Енді мен сендерге бауырсақтың қалай жасалатының көрсетейін.
Тұзды қамырды сол жақ алақанымызға салып, оң жақ алақанымызбен жауып домалақтаймыз. Қолдың алақанның ұсақ саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.
Кәне Бауырсақ өлеңін айтып жіберейікші.
Әжем келді ауылдан,
Алақай-ау алақай
Әжем бары жақсы ғой
Қуанышты балақай
Жан қалтасын ақтарып
Қос қолымен уыстап
Базарлығым балам деп
Төгіп жатыр бауырсақ
Балалар мінекей біз ертегілер елінде көптеген , ертегілер кейіпкерлері тұратынын көрдік.Оларға біз бауырсақта сыйладық, олай болса біз сиқырлы кілемге отырып, тобымызға қайтамыз көзімізді жұмамыз құстай қанат қағамыз, тобымызға ораламыз. Балалар , тобымызға да келіп жеттік. Мадақтау, қорытындылау
Біз бүгін қайда бардық?
Қандай ертегі тыңдадық ?
Бауырсақты кім пісірді?
Бірінші кімге кездесті?
Балалар бүгінгі оқу іс әрекетімізде не жасадық?
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегінің мазмұның әңгімелеп беруді.
Игереді:Тұзды қамырмен жұмыс жасауды.
Меңгеруі:Жақсы қасиеттерді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.