Астана қаласы №59 мектеп -лицей
Математика пәнінің мұғалімі:
Изеева Бибижамал Жақсыбайқызы
Математика 5 сынып
Сабақ №70 | ||||||||||
Сабақ атауы | Ең үлкен ортақ бөлгіш (есептер шығару) | |||||||||
Сілтеме | Білім стандарты, пән бағдарламасы, математика оқулығы 5-сынып, Т.А.Алдамұратова, Е.Байшоланова. Алматы «Атамұра» 2015 жыл Әдістемелік құрал: Математика 5 А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова. Алматы «Мектеп» 2009 жыл, интернет материалдары | |||||||||
Жалпы мақсаты | Ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар туралы мағлұмат беру. Есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушыларды өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу. | |||||||||
РАББ бағыты | Құндылық: Дұрыс әрекет | |||||||||
Күтілетін нәтиже | Ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар туралы мағлұмат алады. Есептеу дағдылары жетіледі, белсенділіктері, пәнге қызығушылығы артады. Оқушылар өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге үйренеді. | |||||||||
Негізгі идеялар | Ең үлкен ортақ бөлгішті таба білу. Өзара жай сандарды білу. | |||||||||
Тапсырмалар /Wiki материалдары/ | PowerPoint бағдарламасы, асtivstudio флипчарт беттері, Ғаламтор bilim kozy.idhost.kz, ustaz.kz, 45 минут сайттары | |||||||||
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары | Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | |||||||
2 минут
6 минут
5 минут
25 минут
1 минут
3 минут
2 минут
1 минут | І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Топқа бөліну «Сандар» 1-топ: Натурал 2-топ: Жай сандар 3-топ: Құрама сандар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Бірге ойлаймыз» 1.Қандай сан берілген санның ЕҮОБ деп аталады? 2.Өзара жай сандар деп қандай сандарды атайды? Мысал келтір. 3.ЕҮОБ қалай табылады? 4.Берілген сандар олардың ең кішісіне бөлінетін болса, олардың ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең? ІІІ. Ой атысы Логикалық тапсырма «Түсіп қалған амалдар» ІV. Білім бекіту. №697-699 №704-706 №709 V. Сергіту сәті. VI. Білім пысықтау.
VII. Бағалау Критерий бойынша бағалау парақтарына бағалау «Екі жұлдыз, бір пікір» VIII. Рефлексия Табыстылық критерийі
| 1. Мұғаліммен амандасады. Оқушылар сандардың түрін атап, топқа бөлінеді
2. Үйге берілген тақырып бойынша қойылған сұраққа топ мүшелері бірге ойланып жауап береді
3. Оқушылар интерактивті тақтадан берілген логикалық тапсырманы шешеді
4. Гүлдердің артына тапсырма жазылады, оқушылар тапсырманы орындау арқылы гүлді алады 5. Оқушылар құзырлылық тапсырманы орындайды
6. Топ бір-бірінің бүгінгі жұмыстарын бағалайды
7. Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып интерактивті тақтадағы кестеге жапсырады | ||||||||
Сабақтың жабдықтары | Мультимедиа, интерактивтік тақта арқылы PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, бағалау парағы | |||||||||
Келесі тапсырма-лар/портфолио/ | №698,705 есептер | |||||||||
Келесі оқу | Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. |