Home » Жас қалам » Ең қымбат сыйлық

Ең қымбат сыйлық

Сыйлық. Сыйлық — сыйлы немесе жақсы көретін адамды қуанту үшін жасалатын құрмет. Сыйлық сыйлау  қай ұлт немесе мемлекет болмасын, барлық жерде бар деп ойлаймын. Сыйлық — адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай екенін көрсетеді. Кейде сыйлық айтатын сезіміңді жеткізу үшін де қолданылатын сияқты.

Ең қымбат сыйлық — шын ниетімен берген сыйлық. Құнының қымбаттылығына  емес, ақ пейілмен, дос сезіммен сыйлағаны мағызды. Меніңше, жақсы сыйлықтарға қолдан жасаған сыйлықтар жатады. Бірақ, дүкендерде достарыңа сыйлықтардың неше түрі бар, уақыт кетірмей досыңа ұнайтындай сыйлықты таңдай білу керек. Тым қымбат сыйлық сыйласаң, ыңғайсыз жағдайда қалдыруымыз да мүмкін. Өйткені, біз әлі оқушымыз. Маған жақында досым аппақ қоянды сыйлады. Маған өте ұнады. Ал мен кітап сыйладым, өйткені Жансаяның кітап оқығанды ұнататынын білемін. Ол да қуана қабылдады. Сыйлық таңдауда адамның өмір салтына, хоббиіне, қызықтыратын заттарына көңіл аударған абзал.

Қорыта келе, сыйға — сый, сыраға — бал дейді емес пе? Бұл деген сөз сыйлағанды сен де сыйла деп түсінемін. Айналадағы достарыңа сый сыйлап, сыпайылық танытып, құрмет көрсетіп жүрген жақсы-ақ.

 

Алматы қаласы Әуезов ауданы

№173 мектеп-лицей

5 «Б» сынып оқушысы Серік Ажар

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Шатемірқызы Ақмарал

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.