2017 жылғы 4-5 сәуір күндері М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар Сарайында X мерейтойлық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» қалалық педагогикалық олимпиада өтеді.
Жас мұғалімдер – мемлекетіміздегі білім беруді дамытудың басты ресурсы. Ұстаздардың жаңа буыны мектептерге қандай жаңашыл идеялар мен құндылықтарды ендіретіні еліміздің болашағымен тығыз сабақтасады.
Олимпиаданы Астана қ. Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отыр.
Мақсат: кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, дарынды жастарды анықтау.
Олимпиадаға қатысуға 48 жас педагог, 16 тәлімгер, 13 психолог, жоғары сынып оқушыларынан құралған 21 команда ниет білдірген. Олардың ішінен іріктеу кезеңінен жоғары сынып оқушыларының 12 командасы, 18 жас педагог, 10 тәлімгер, 9 психолог сүрінбей өтті.
Педагогикалық олимпиада 4 санатты қамтиды: жас педагогтар, тәлімгерлер, психологтар, сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға ниет білдірген білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.
Олимпиада мазмұны білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге және кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін тапсырмаларды қарастырады.
Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері деңгейлеріне сәйкес дипломдарымен марапатталып, «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына жолдама алады.
Биыл Республикалық педагогикалық олимпиада 2017 жылғы 3-5 мамыр күндері аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында өтеді.
Еліміздегі қазіргі таңда болып жатқан өзгерістер, қоғамның жедел түрде ақпараттануы және дамуы білім саласына қойылатын талаптарды өзгертуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық білім беру жүйесінің жаңаруы модернизация процесінде табысқа жетудің бірден-бір факторы болып табылады» деп атап кеткен. Бүгін ол барлық басымды бағыттар бойынша жүзеге асып келеді.
Өміріміздің кез келген саласындағы, оның ішінде білім берудегі сапалы өзгерістер мұғалімнің өзінің оқу процесіндегі рөліне жаңа көзқарасты қалыптастыруды талап етеді.
Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» ӨҒПО-нан алуға болады: Мәскеу көшесі, 41, №62 МЛ, 3 қабат. Тел.: 39- 83- 42.