Home » Мақалалар » ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ӨМІР БОЙҒЫ ОҚУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ӨМІР БОЙҒЫ ОҚУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Жаһандану жағдайында білім беру жүйесінде аса маңызды өзгерістер жасап отыр. Адамзаттық капиталға, оның ішінде білім беру жүйесіне салынған инвестициялар экономика мен қоғам үшін маңызды ықпал жасауда. Бұл өзгерістер жылдам өзгеріп отырған әлемде өзгеріске тез бейімделе алатын мамандар аса қажеттілікті тудырып отыр. Сондықтан білім беруді тек әлеуметтік қажеттілік ғана деп қарамай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керек. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арналған Жолдауында адами капиталды бағалау, білім беру саласында жасанды интеллектпен, ақпараттық технологиялар бойынша білім алуды және жас ғалымдарды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуді тапсырды. Осы мақсаттарды шешу мақсатында, кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламалары өмір бойғы оқу кепілдігін қарастыратын, еңбекпен қамту мүмкіндігін бере отырып, еуропалық еңбек нарығына бағыттала, үйлесімді болуды талап етіп отыр. Әрине өз кезегінде бұл оқытушылар алдына үлкен міндеттер қоятыны даусыз. Ал білім беру бағдарламалары білім беру саласында мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру негізі ретінде білім беру және тәрбие беру құрылымында, мазмұнында және технологияларында, басқару жүйесінде қамтитын ресурстар мен іс-шара мерзімдері бойынша өзара байланысқан кешендер болып табылады.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өндірістік әлеуетін және экономикасын дамыту үшін  жоғары деңгейдегі теориялық және тәжірибелік дағдыларға ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық және білімдік кеңістігінде, сондай-ақ бүгінгі нарық жағдайында теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгерген, жоғары жеке қасиеттерге ие, бәсекеге қабілетті, өз білімі мен біліктілігін дамыта алатын мамандардың сұранысқа ие. Цифрлы білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың жаңа сатысына көтерілеміз. Білім беру саласындағы ең маңызды міндет — адами капиталды дамыту. Сапалы білім беру, рухани құндылықтар ды дәріптеу — тұлға қалыптастырудың негізі. Сол себепті, жан- жақты білімді кадрларды дайындау үшін еңбек етеміз. Экономика, әлеумет білім — ғылым, өндірісті дамытатын негізгі күш — білікті кадр. Білімді маманы бар ел ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Қазақстанның қарыштап дамуы — білімді мамандардың қолында.

Білім сапасын арттыру, студенттер бойында кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру, қазақстандық дипломдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – Қазақстан Республикасындағы білім берудің негізгі міндеттері болып табылады. Сондықтан жаңа Қазақстан – білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күшін тәрбиелеп қалыптастыратын мемлекет болуға ұмтылыс жасап отыр.

Айтенова Мағрипа Махмутқызы,
«Политехникалық және жаңа технологиялар
мамандықтары» бөлімшесінің меңгерушісі
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда
аграрлық техникалық жоғары колледжі,
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.