Home » Жаңалықтар » ЕҚЫҰ: көптілде білім берудің тиімділігі  

ЕҚЫҰ: көптілде білім берудің тиімділігі  

2018 жылдың 24-26 қыркүйегі аралығында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/ОБСЕ) бірлесе ұйымдастыруымен «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Ана тілі негізіндегі көптілді білім беру: жоспарлау, оқыту әдістемесі және бағалау мәселелері» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов  аудандарындағы ұйғыр тілінде білім беретін мектептердің басшылары мен мұғалімдері, әдіскерлер мен тренерлер қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы көптілде білім беруді одан әрі дамыту мақсатында ұлттық тілдерде білім беретін мектептердегі мектеп басшыларының, тілші-мұғалімдердің және пән мұғалімдерінің кәсіби әлеуетін дамыту және пән мен тілді кіріктіріп оқыту бойынша ұлттық тренерлерді дайындау мәселелері мен оқу құралдарын әзірлеуде кездесетін қиындықтарды талдау.

Пленарлық отырысты семинар модераторы «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кенесбаев ашып, ұлттық тілдерде білім беретін мектептердегі мұғалімдердің кәсіби әлеуетін дамыту және пән мен тілді кіріктіріп оқыту мәселелерінің маңызына тоқталды.

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ Ғылыми зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Исламгулова Анастасия Фаридовна семинарға қатысушы педагогтарды құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

ЕҚЫҰ АҰЖК ОАББ аймақтық менеджері Саирова Гюльназ Айдарбековна семинар-тренингтің мақсат-міндеттерімен таныстырды.

ЕҚЫҰ АҰЖК ОАББ эксперті Стоянова Атанасия Петровна «Ключевые вопросы эффективности многоязычных школ» тақырыбында баяндама жасап, ұлттық тілдерде білім беретін мектептерде пән мен тілді кіріктіріп оқыту мәселелерінің ерекшелігін атап айтты.

Шара аясында 4 секция жұмыстары, шеберлік сыныптар мен тренингтер жүргізіліп, ЕҚЫҰ мамандары семинарға қатысушы педагогтарды ана тілі негізіндегі көптілді білім берудің тиімділігі және ерекшеліктерімен таныстырды.

 

Нұрақбаева А.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.