Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың алдағы өткен сабақтарын пысықтай отырып,етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар, ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
2.Оқушылардың сөздік қорын молайтып, шығармашылығын дамыту,
сауатты, көркем жазуға баулу.
3.Жаңа технологияны басшылыққа ала отырып,білімдерін тиянақтау, әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс, жұптық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер қазақ тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Алу үшін сапа білім,
Ардақтаймыз қазақ тілін.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
- Үйге сіздерге қайталауға берген болатынмын. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын жауабын сөзжұмбаққа жазып отырамыз.
- Негізгі түбірден болған зат есімді қандай зат есім дейміз? (негізгі)
- Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді қандай зат есім дейміз? (туынды)
- Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі қалай аталады?(түбір)
- Түбір сөзге не жалғанады? (қосымша)
- Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қалай атаймыз?
- Қосымшаның неше түрі бар?
- Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды қалай атаймыз? (тәуелдік жалғаулар)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы етістік деп аталады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру.
Сабаққа қызығушылықтарын ояту.
«Түсін мені» ойыны.
Әр қатардан бір оқушы шығып, карточкадағы сөзді қимылмен көрсету керек. Қалған оқушылар қандай сөз екенін табу керек.
Карточкадағы сөздер:
ОҚИДЫ, ҰШАДЫ, ЖҮЗЕДІ, ЖҮГІРЕДІ, ОТЫРАДЫ, АУЛАЙДЫ.
- Біз нені аңғардық?
- Заттың қимылын, іс-әрекетін аңғардық. Яғни заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік деп атаймыз. Олар не істеді? не қылды? қайтті сұрақтарына жауап береді.
- Етістік туралы тағы да не білеміз?
- Етістіктің екі түрі бар. Дара және күрделі етістік.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Суретпен жұмыс.
Суреттердің мазмұны бойынша қандай сөйлемдер құрастыруға болады?
2 — жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Көл бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы,
Мойны да әсем иілген.
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды. (аққу)
- Етістіктерді теріп жаз, оларға сұрақ қой.
- Сөйлемді етістіксіз айтып көр. Етістік не үшін керек?
Жұптық жұмыс
Адасқан сөздерді орнына қою.
Арыстан боздайды
Түйе ақырады
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Аю бақырады
Сиыр кісінейді
3 – жаттығу.
Сөздерді оқы. Сөздерді сипатына қарай екі бағанға бөліп жаз.
Зат есім Етістік
Ата ойнады
Іні жинады
Балық қуды
Түйе жарысты
Шортан айтты
4- жаттығу.
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз. Берілген етістіктерге сұрақ қой.
Қонды, ұшты, жауды, секірді, тасыды.
5- жаттығу.
Мына малдардың қайсысы қалай төлдейтінін жаз.
Жылқы
Қой
Ешкі
Түйе
Сиыр
- Ой толғаныс.
«Сауал – бізден, жауа – -сізден» деп аталады.
Қорытындылау:
1.Етістік деген не?
2.Етістіктің сұрақтарын ата?
3.Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құра:
(сайрады, еріді, ашылды, көктеді, отырғызды.)
4.Үйрек, қаз, тауық, балапан, қарға, тоқылдақ суреттерін
көрсету және оқушылар аталған құстарға байланысты сөйлем құрау.
Мысалы:Үйрек жүзді. Қаз қаңқылдады.
- Сабақтан алған әсері:
Өзіңді бағала
Бүгінгісабақтан не түсіндің? | |
Бүгінгі түсінігіңді қаншаға бағалар едің? | |
Осы бағаны неліктен таңдадың? |
- Бағалау
VII. Үйге тапсырма 6-жаттығу. 163- б
Самал Салыққызы Адиетова,
БҚО Зеленов ауданы, Янайкино ауылы,
Батурин ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі