Home » Жаңалықтар »  «Есімі ел есінде сақталады» Мұражай сабақ

 «Есімі ел есінде сақталады» Мұражай сабақ

Бүгін 15 қараша күні Сырым ауданы Алғабас ауылында М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешенінің 4-сынып мұғалімдері Қырмызы Жұқалтайқызы мен Инабат Ергенқызы  15 қараша  Молдаш Қаналиевтің туған күніне орай  «Мұражайдағы бір сабақ» атты танымдық сабақ өткізді.Сабақ  мақсаты: Оқушыларға Молдаш  Қаналиевтің өмір жолы мен  ел  ішіндегі атқарған игі істерін түсіндіру, насихаттау.  Мектеп тәлімгері  мұражайдың мақсаты мен атқаратын қызметі туралы да айта келіп, бүгін мектеп атауы Молдаш Қаналиевтің атауымен неліктен аталатыны туралы мәліметтер беріліп, оқушыларға сұрақтар қойылды.

Сынып жетекшілер төмендегідей деректерді ұсынды:

Молдаш Қаналиев 1924 жылы 15 қарашада Сырым ауданы, Жосалы ауылында қарасты Әзтөбе ауылында дүниеге келген. Ол кісі өз қоғамында үлкен беделгге ие парасатты адам болған. Ауыл өміріне белсене араласып, ауыл халқы үшін бірнеше  игі істерді атқарған. Алғабас ауылында көп жылдар бойы жемісті еңбек атқарып, ауыл экономикасын арттыруға мол үлес қосқан. Еңбек және соғыс ардарері, Сырым ауданының құрметті азаматы атақтарын алған. Осындай еңбектері еленудің арқасында Қаналиевтің атымен 2004 жылы 80жылдығына орай мектеп қабырғасына ескерткіш тақта орнатылып, Мектеп атауы Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебі болып берілді.

Атамыздың «Жастарға», өлеңі кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде оқылып  келеді. Ел ішінде атамыздың ізін жалғастырып, өз мамандарының білікті мамандары боп жұмыс жасап келеді. Соның бірі  орыс тілі мен әдебеиті пәндерінің мұғалімі Саламат Молдашұлы Қаналиев.

  Жукеева Арайлым Серикбаевна
БҚО, Сырым ауданы,
М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешені
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.