Сазбалшық терапиясы
Дәстүрі: Бес жақсы.
Мақсаты: Балалардың бес жақсы туралы түсініктерін кеңейту.
Сазбалшықпен жұмыс істеу арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балалардың ішкі жан дүниесін ашу. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, созу, шымшу, көрсету.
Оқу қызмет барысы:
Осы кезде бір дыбыс естіледі, топқа Самұрық құсы мен бақыт іздеген қыз келеді. Қонақтарды ертіп келеді.
Самұрық құсы амандасып, бақыт іздеп келе жатқанын айтады.
Тәрбиеші: Самұрық құсы, біздің балалармен бірге болыңыздар. Мүмкін бақыттарыңызды осы жерден тауып аларсыздар.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын шашайық,
Жүрекке жылу жинайық,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
- Балалар өткен іс-әрекетімізде «Бес жақсы» туралы білгенбіз.
- Бес жақсы дегеніміз не?
Тосын сый әрекеті. (Машина келеді).
Жұмбақтар.
1.Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
2.Сырты ағашпенен қабаттаған
Ілініп бір бөлшегі салақтаған.
Асылды ішіндегі алсаң тартып,
Тіліндей оқ жыланның жалақтаған. (Қылыш)
3.Төртбұрышты әдемі төсеніш. (Кілем)
4.Әр түрлі аңның терісінен тігілетін қысқы қалың киім қалай аталады? (Тон)
5.Үнтаспадан аттың дыбысы мен жүрісі естіледі. Оны балалар шешуі керек. (Жылқы)
Бұл заттардың барлығы қалай аталады?
Бес жақсы.
Слаидпен жылқы туралы мәлімет.
1) Жылқы – көлік. Жылқыны мінеміз. Жылқыны арбаға жегеміз.
2) Жылқы өнімдері.
Зарина: Қымыз.
Сары дәрі қымызым, бұрқыраған иісі.
Мұрныңнан кетпес күні ұзын.
Анель: Қазы.
Әрі дәрі, әрі дәм.
Жұрт сүйсінген таныған.
Қазыға ас жоқ тең келер.
Дастарханға өң берер.
3)Жылқыны ұлттық ойындарға пайдаланамыз.
Қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар.
Бір серігіп алайық: «Боз жорға»
Балалар мына жерде біздің жайлауымыз орналасқан біздер осы жайлауға өз қолымыздан жылқылар жасап орналастырайық.
Ол үшін, екі топ балалар алдымыздағы ермек саздан аттың мүсінін жасаймыз. (Слаидпен түсіндіре отырып жасау).
Жасаған жұмыстарымызды жайлауға орналастырайық. Осы кезде «Сары жайлау» әні орындалып тұрады.
- Кім жылқы туралы мақал-мәтел айтады?
Аяулым: а)Жылқы – малдың патшасы.
Түйе – малдың қасқасы.
Дариға: б)Төлден мал өседі.
Шыбықтан тал өседі.
Дана: в) Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай құлыннан.
Альтаир: Ер қанаты өзің деп,
Ел қуанып айдаған.
Қуғандарға жеткізбей,
Қашқанға жетпей қоймаған.
Владислав: Асыр салып ойнайды,
Ойнақтайды құлыншақ.
Жалт-жұлт етіп жайнайды.
Күміс суға жуынсақ.
Алихан: Құрау-құрау құлыным,
Құрығыма түсе ғой.
Тазасын жеп сұлының,
Мөлдір судан іше ғой.
- Ал балалар, сіздерге көп-көп рахмет.
Барлығыңда бүгінгі іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар.
Бахишева Құндыз Қармысқызы,
«Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасы,
Сазбалшық терапия маманы,
Астана қаласы