Б. Момышұлы. «Ұшқан ұя»
9 сынып оқушылары арасында өткізілетін конференцияның мақсаты: жазушы шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың өмірге дұрыс көзқкрксын қалыптастыру, өскен ортасын, отбасына, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, кітап көрмесі
1 бөлім. Жазушының өмірі мен шығармашылығы
2 бөлім. Шығарманы талқылау
бөлім. Қорытынды
Кітап көрмесі «Қазақтың қайталанбас қаһарман батыры»
Кітаханашы: Біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Осындай бейбіт өмірді қаһарман аға – апаларымыз алып берді. Олар болашақ ұрпақ үшін қасық қандары қалғанша соғысты, апа — әжелеріміз тылда тынбай еңбек етті. Олардың көпшілігі бүгінде біздің арамызда жоқ, бірақ есімдері мен ерліктері біздің жанымызда, солардың бірі Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы.
Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар,қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын, әділдіктен жаратылған, қимылы қылыш Б. Момышұлының 100 жылдығы Республика көлемінде тойланды. Оның батырлығын, шыншылдығын еске алып, қадірлей білуге, жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында майдангер – жазушының оқырмандар конференциясын бастаймыз.
Оқушы: Б. Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген. өз анасы Разиядан ерте қалып, әжесі Қызтумас пен әкесі Момыш тәрбиесінде болады. әжесі немересін халықтың аңыз — әңгімелеріне, ертегілеріне, ән – жырына сусындатып өсірген. Әкесі жастайынан арабша және орысша әліппені, арфиметиканы үйретіп, ұлын орысша оқып – үйренуге талпындырады. Ол 1924 жылы жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы мектепті бітіргеннен кейінбіраз уақыт мұғалімдік қызмет атқарады. 1932 жылы әскер қатарына шақырылып, 1936 жылы Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты бітіреді.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда қазақ халқының аңызға айналған атақты ұлы даңты жауынгер, Панфиловшы, гвардия полковнигі, кеңес жазушысы Алматы қаласында жасақталған 316 – атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және ерен ерлігімен көзге түсті, батырлық атақ – даңқы аңызға айналды.
Александр Бек «Арпалыс» шығармасында, «Волоколам тас жолы» романында Момышұлының командирлік қабілетін, соғыс кезіндегі тапқырлығы мен ерлігін көркем суреттесе, А. Ормановтың «Мәңгі тірі Момышұлы», Ә. Нұршайықовтың «Ақтқат пен аңыз» кітабында соғыстан кейінгі бейнесін жаңа қырынан ашып берді. Кейінде ол туралы аз мақалалар жазылған жоқ. Солардың ішінде оның майдандас серігі Д.Снегин «Шалғай шепте», «Шабуылда» повестерінде, совет одағының батыры Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандас достарым» кітабында да ол туралы көп жазылған. Жазушының 80 жылдығында әдебиетші Мекемтас Мырзахметов «Бауыржан батыр» топтамасын шығарды.
Майдангер – жазушы шығармашылығы туралы айту үшін келесі сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1 – оқушы: Майдангер – жазушы Б. Момышұлы әр жылдары өз көңіл күйіне оралған сезімдерін қағазға түсіріп отырған. Соғыс біткеннен кейін 1956 жылдан бастап біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол шығармаларын орыс – қазақ тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген – білгендерін арқау етеді. Оның қаламының туған, өмірін шындығын арқау еткен тамаша романы әңгімелері оқырман шығармаларына айналады.
Жазушы шығармалары негізінен патриотизмді, адалдықты, ерлікті ту етеді. батырдың қаламынан шыққан «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы», «Моква үшін шайқас», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов»,
«Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» атты шығармалары жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін дүниелер.
Отты жүректің ыстық қанымен жазылған «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов» романдары соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр – солдаттарға мәңгілік ескерткіш болып қалды.
«Москва үшін шайқас» кітабы шыншылдығмен, Москва түбіндегі драматизмге толы шайқас картиналарын бедерлі бейнелей білуімен көркнкіс тапқан.
2 – оқушы: Б.Момышұлының отаншылдық тақырыбындағы қанатты сөздері, мақалдары, тәрбиелік мән – мағынасы өз алдына бір төбе. Оның соғыс, отаншылдық тақырыбындағы қанатты сөздері майдан газеттерінде ұран тәрізді боп, «Момышұланаң қырық мақалы» деген атпен жариялана бастады. Жазушының қамал бұзар қаһарлы сөздері жауға тастаған бомба тәрізді қуатты, жауынгерлерге рух, қуат беретін асыл да айбынды, шыншыл да өткір болды. Оның көптеген ұлағатты сөздері жастарды ұлжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
«Парыз сезімі, адамгершілік – жеке басының, ұлттың, Отанның мақтанышы». «Бүгінгі батырдықадірлеу – ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау» сынды сөдерінің айқын көрінеді.
3 – оқушы: майдангер – жазушы, қаһарман батыр б. Момышұлы елін қорғауда көрсеткен ерлігі үшін көптеген ордендермен марапатталды.
Соғыс кезінде «Қызыл ту» орденімен, «Москваны қоғағаны үшін» медалімен, 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды. Соғыстан кейін «еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді, 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды.
Б. Момышұлының аты туған ауылына, ірі қалалардың көшелері мен мектептеріне берілді. Аты бүкіл әлем халқына аңых боп таралған қазақ елінің ақиық қыраны. Б. Момышұлының ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындылары ұлы құбылыс болып қала береді. Туған елінің бақыты үшін күрескен халықтың қаһарман перзенті Б. Момышұлы — өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлғалардың бірі.
Кітапханашы: Бүгінгі оқырмандар конференциясы әдебиетіміздегі адамгершілік тақырыбына арналған жазушы Б. Момышұлының балалық шағынан сыр шерітетіншығарма, жазушы, негізінен, өзі өсіп — өнеген ортасы мен алған таным – тағлымын суреттейді. Сондай – ақ, бұл шығарма қазақтың «қонақ күту кәдесі», «қыз ұзату», «көкпар тарту» тб салт дәстүрлерін тиек етеді, қазақтың ұлттық салт – дәстүрін шынайы бейнелейді.
Шығарма мектеп қабырғасындағы жас жеткіншектердің өмірге көзқарасын, олардың өскен ортасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда зор тәрбиелік маңызға ие. Енді романды талқылайық.
Шығарманы талқылауға арналған сұрақтар:Шығарманың «Ұшқан ұя» аталу себебі неде?
- Жазушының шығарманы жазудағы ойы қандай?
- Шығарманың көркемдік ерекшеліктері неде?
- Әжесінің ақылдылығы, рухани байлығының қайнар көзі неде деп ойлайсың? Сенің айналаңдағы жандардың сондай болып қалыптасулары үшін не қажет?
- Әкесінің Бауыржанға берген тәрбиесі саған қалай әсер етті? Оның үлгі етер қандай қасиеттерін алар едің?
- Шығармадағы Момынқұл образы?
- Шығармада ауыл тұрмысы қалай суреттелген?
- Салт – сана, әдет – ғұрып қалай бейнеленген?
- Адамның жақсы жан болып қалыптасуы тек Бауыржан заманына ғана тән нәрсе ме? Бұл туралы ойларың қалай?
- шығарманың тәрбиелік мәні неде?
Қорытынды: «Ұшқан ұя» романының басты құдіреті- ұлттық, адами тұрғыда дәуір шындығын, сырын көрсетуді мақсат еркен шығарма екендігі. Романдағы адамдардың іс — әркеттері және жоғары адамгершілік қасиеттері – жас ұрпақтарға үлгі тәрбие беру ісіне жәрдемін тигізеді, жастарды адагершілікке, отбасы туын жоғары ұстауға насихаттайды, сондықтан да романның тәрбиелік мәні жоғары деп танимыз.
Гүлмаржан. ШУРАБЕКОВА
ОҚО,
Мақтарал ауданы,
Атамекен ауыл әкімшілігі
Мақташы елді мекені