Home » Жаңалықтар » Ер есімі — ел есінде

Ер есімі — ел есінде

Алматы қаласы, жетісу ауданы №102 жалпы білім беретін мектепте 23 сәуірде «Ер есімі,ел есінде!» атты іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Концерттік бағдарлама барысынды жау жүрек ұландарымыздың сонау репрессия заманынан Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасып келе жатқан ерлік істері, қазақ халқының ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған халық екені жырланды. Тәуелсіздік, ел, жер үшін  кешкен күрес жолдары мен ерен ерліктері еске алынды.  Осы соғыстарды көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Кеш   1929-1938 жж аралығында репресия боздақтарын «Бір минут үнсіздікпен еске алу» дан басталды. Оқушылар жылнамалар бойынша өткеннің елеулі оқиғаларын айтып өтті.
Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктері ұрпаққа үлгі болатын, соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерімізді естеп, оларға арнаулар оқылды.
Ұлы Отан Соғысы ардагердері  құрметтеріне  Шахарбаева Мөлдір «Әлия»  әнін тарту етті.
7«А» сынып оқушылары «Қанжардан құтқарған –қазақ тілі» атты көрінісінде ауған соғысындағы қазақ жауынгерлерінің бастан кешкендерінен үзінді көрсетілді. Ауған соғысы ардагерлері  майор — Бахиштеров Нурлан Мухатаевич, Авиация подполковнигі – Кушербаев Серик Аубакирович, кіші лейтенент – Даулбаев Айдархан Адам-ұлы өздерінің соғыс алаңындағы естеліктерімен бөлісті.
«Тәуелсіздік – тұмарым, мәңгілік ел – тұрағым» дей келе мектебіміздің 3 «А» сынып оқушылары  «Жаса Қазақстан» флешмобын  сыйға тартты.
Ер есімі — ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды  мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін  қасық қандары қалғанша  күресіп, бізге  жеңіс сыйлады.
Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға  қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді.

 

Ауэлбекова Гавхар Умурбековна,
«№102 ЖББМ» КММ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.