Home » Жаңалықтар » Ерте жастағы балалардың сенсорлық эталондар туралы түсініктерін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру

Ерте жастағы балалардың сенсорлық эталондар туралы түсініктерін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру

Қоршаған   орта шындығын толыққанды қабылдауды қалыптастыруға бағытталған, сенсорлық тәрбиенің алғашқы  баспалдағы сезім  тәжрибесі болып табылатын қоршаған әлемді танудың  негізгі қызметін  атқарады.

Ақыл –ой, тұлғалық, эстетикалық тәрбиенің сәтті болуы балалардың сенсорлық дамуы деңгейіне байланысты,  яғни  қоршаған  әлемді қаншалықты естиді , көреді, сезінеді .

Бала әр  жас кезеңінде  қайсібір әсерлеріне сезімтал   келеді. Осыған  байланысты әр жас сатысы баланың әрі   қарай нервтік-  психологиялық дамуы мен жан- жақты тәрбиесіне   жақсы  ықпал етеді.  Бала неғұрлым кішкентай болса , оның  өмірінде сезіну тәрбисі  үлкен орын алады. Ерте жас кезеңінде заттардың   қасиетімен тануысуы  негізгі рөл атқарады

Әр   жас кезеңінде сенсорлық тәрбиенің өз міндеттері бар, сенсорлық мәдениеттің белгілі түйіні қалыптастырылады .  Өйткені осы жастағы балада сенсорлық тәрбиенің   дайындық кезеңі , ал әрі қарай сенсорлық мәдениетті  жүйелі  түрде  меңгеруді ұйымдастыру басталады.

Баланың  білімі мен  дамуы   жетістікті  болуы  ата- аналармен « Ата – аналардың  мектепке дейінгі сенсорлық даму және тәрбиелеу  бойынша қызығушылықтары  мен білімдерін анықтау» туралы   пікірлерін біліу  аса маңызды.

Сенсорлық  дамытуда  жетістікке  жетудің маңызды талаптарының бірі  баланың  жалпы  психологиялық және тұлғалық саулығы сондай- ақ ересектердің педагогикалық сауаттылығы болып  табылады.

Бала әлі жеткілікті түрде сөйлей білмейді, сондықтан ойын және  сезімін жеткізудің негізгі құралы әрекет болып  табылады.

Балдырғандардың қоршаған  ортадан  қабылдайтын ең алғашқы сипаттамаларының бірі ол –түс. Бұл кезеңде  балалардың түсті білуі неғұрлым  бала  түрлі заттармен белсенді тәжрибе жасауына байланысты.  Түсті білдіретін сөздерді   дұрыс  қолдану  және есте сақтау  өте күрделі және  қиын үдеріс, оның   қалыптасуы  бес жасқа   қараған кезде аяқталады.

Сенсорлық  дамыту барысында әр жауапты адам сенсорлық қабілетті дамытушы ортаның алатын  орны маңызды. Сенсорлық  дамыту  тек  сабақтарда ғана емес  сондай- ақ күнделікті өмірде  де  жүзеге асырылады: серуенде, ойын бұрыштарында, дербес ойындарда.

Бұл  балалардың  білімдерін  бекітуге  ықпал етеді. Сондай-ақ мен балаларды сенсорлық дамытуды сурет салу, мүсіндеу, құрастыру және жапсыру сабақтарында  қолдануға болады деп  ойлаймын  .

 Жоғарғыда айтылғандай  сенсорлық   дамытуды  және  сенсорлық тәжрибені қалыптастыру үшін  жағдайлар жасай отырып  заманауи  бала дамуының маңызды мәселесі шешілетіндігін  көреміз.

 

Абилхаирова  Жанакуль Артыкбаевна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Қарағанды облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының мектепке
дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының лаборанты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.