Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Ерте жастан баланың тілін дамыту

Ерте жастан баланың тілін дамыту

08Қостанай облысы, Рудный қаласы
№19 орта мектеп тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы

Бүгінгі таңда оқу орындарының өзекті мәселелерінің бірі- өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, өз ойы мен пікірін айта білетін жеке тұлға қалыптастырып тәрбиелеу. Оқушының осылай тұлға болып қалыптасуы үшін әуелден немесе мектепке дейінгі ұйымдардан қолға алу керек екені бәрімізге аян.

Мектепалды даярлық топтары мен шағын орталық топтарында балалар- дың тілін дамыту үшін ұйымдастырылған оқу қызметінде ойын түрлерін көп енгізген дұрыс. Себебі, бала -ойын баласы. Сондықтан сол ойынды ойнау арқылы баланың ойы мен тілі дамиды. Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ тәрбиеші сол сағаттармен шектеліп қана қоймай қосымшалар енгізіп баланы қызығатындай етіп іс-әрекетті ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді.Тіл дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі-шығармашылық тапсырмалар. Оның түрлері:

-сурет бойынша әңгіме айту;

-рөлдік ойындар ойнату;

-жұмбақтар құрастыру;

-өлең шығару;

-ым-ишарамен көрсете білу;

-ойыншықтарға сипаттама беру т.б.

Суретке әңгіме құрастыру арқылы балаға мынадай бағыт беру тиімді:

-жылдың қай мезгілі;

-кейіпкерлері кімдер;

-оқиға не туралы ;

-әңгімеге деген баланың көзқарасы.

Пікір айтқызу арқылы баланың ой-өрісі дамиды, тілі жаттығады, сөздік қоры дамиды, қызығушылығы артады. Егер мектепалды даярлық және шағын орталық топтарында балаларға осындай тәсілдерді қолданса, жұмыс түрлері баланың келешекте мазмұндама, шығарма жазу дағдысы жақсы қалыптасатыны сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.