Home » Мақалалар » ЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ

ЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ

 

Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше маңызды. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі – нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етеді. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады.

Таңғы жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптілікке бейімдейді. Сөйтіп, таңертеңгі жаттығу жасау алдында ерекше міндеттер мүлде қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ, бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын ынталандыру, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса – ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады.

Ұлттық тәлім – тәрбие беруде түрлі жаңашыл әдістерді қолдануға болады. Соның бір түрі – ұлттық сипаттағы, сондай-ақ салт-дәстүр элементтерін жаттығуға кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады. Мектепке дейінгі жастағы таңертеңгілік жаттығуды «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениеті мінез-құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады. Қорыта айтқанда, балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі –  балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білу, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындау, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесу дағдысы пісіп-жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                           САГИНДЫКОВА Назерке Нуриденқызы,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Көктөбе ауылы

 «Ақбота» бөбектер бақшасының

 тәрбиешісі.

Май ауданы

Павлодар облысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.