Home » Ашық сабақтар » Ертеңгілік гимнастика кешенін құру,медициналық топтармен жұмыс жасауға үйрену

Ертеңгілік гимнастика кешенін құру,медициналық топтармен жұмыс жасауға үйрену

Пәні: Гимнастика және оны оқыту әдістемесі 

І. Сабақтың    мақсаты:

1) білімділік: студенттерді ертеңгілік гимнастикамен таныстыру, оның түрлері, қолданылуы, туралы түсініктер беру, таныстыру.

2) дамытушылық: демонстрациялық түрде көрсете отырып, студенттерді жаттығулармен  таныстырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.

3) тәрбиелік: студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, ұқыптылық пен жауапкершілікке баули отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үйрету.

ІІ. Сабақтың   типі: жаңа білімді игерту

III. Сабақтың түрі:  практикалық сабақ

IV.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау

  1. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер жинағы, гимнастикалық құрал-жабдықтар

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, физика

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару — 2 минут.

 

Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру 10 минут:

Үй тапсырмасы:

Сұрақтар:

1) Гимнастиканың даму тарихы?

2) Гимнастикадан алғаш өткен біріншіліктер мен жарыстар?

3) Гимнастика жаттығулары түрлері?

4) Гимнастикалық жаттығуларының адам ағзасына әсер ету шарттары?

5) Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері?

6) Гимнастикаға арналған арнайы ғимараттар?

7) Гимнастикалық құрал-саймандар?

Гимнастика сабағын ұйымдастыру жоспары

 

Сабақтың жаңа тақырыбын  хабарлау, мақсатын қою: студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

 

  • Сергіту сәті (гимнастикалық жаттығулар ) — 3минут
  • Топқа бөлу

 

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Ертеңгілік гимнастика
  • Адам ағзасына пайдасы
  • Қолданылу аясы
  • Медициналық топтармен жұмыс жасау

 

Жаңа  сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі (интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы) — 17 минут

  • Сабақты түсіндіру, шағын конспект жаздыру, видео-жазбалар көрсету
  • Топтарға тапсырма беру, тапсырманы пысықтауға арналған ойын ойнату

Жаңа сабақты бекіту – 6 минут

Суреттер  арқылы сұрақ-жауап жүргізу

 

Сабақты қорытындылау — 5 минут:

Студенттердің жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан студенттерді мадақтау.

 

Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау — 2 минут

 

Үйге тапсырма:

Тірек-қимыл жұмысын жақсартуға арналған жаттығуларды топтау

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Ұ.Мұхамеджанова «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі»
  2. Виноградов А.К. «Теория и методика здорового образа жизни», 2004 г.
  3. Көптілеуова С.К, Меркель О.И, Маковецкая Г.П, Васильченко Т.Н. «Дене тәрбиесі» Көкшетау, 2011 ж.
  4. Құлназаров А, Тайжанов C. «Дене тәрбиесі» Алматы, 2002 ж.
  5. Б.Төтенай «Дене тәрбиесі» Астана, 2008 ж.

 Артықбаева Жанат Мұратбекқызы

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

                                                                                     ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»

                                                                       

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.