Home » Ашық сабақтар » Ертедегі саяхат

Ертедегі саяхат

Сабақ мақсаты. Барлығы: уақытқа қатысты қарапайым терминдерді  қолдануды үйренеді.

Көпшілігі: Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат келуінде өз пікірін білдіруге үйренеді.

Кейбірі: картадан Астананың орналасқан жерін анықтай алады.

Астананың негізгі көрікті жерлерін сипаттауды үйренеді.

Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Құндылықты дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Математика, көркем еңбек

Тілдік құзыреттілік:      Саяхат – путешествие – travel

Астана – столица – capialcit

Сабақ барысы

  1.  Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері
  2.   Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
  • Сәлеметсіздер ме, балалар?
  • Қандай керемет таң!
  • Бір-бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен қарсы алу үшін мен сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Өйткені біздің шаттық шеңберімізге әрқашанда нағыз шынайы достар жиналады. Қол ұстасып айтайық.

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! міне, мен

Доспын енді сенімен.

  • Балалар, біз бүгін Алдаркөсемен саяхатқа шығамыз.
  • Алдаркөсені кім біледі?
  • Алдаркөсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал. Ендеше сендер жан-жақтарыңда ілінген суреттің қайсын қалайсың, соның қасына жиналамыз.
  • Теңіз, орман, тау, Аспан.
  • Кубизм стратегиясы

 

  • Алдаркөсе қай суреттің бұрынғы, қазіргі екенін таба алмай тұр көмектесіп жіберейік.
  •    Видео ролик
  1. Суретке қара
  2. Саяхат дегеніміз не?
  3. Алдар не үшін саяхаттаған?
  4. Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған?
  5. Қазір қалай саяхаттайды?

Қазақстан картасымен Астана қаласын көрсетеміз.

Жұппен жұмыс.

Салыстыр

  1. Астана қаласының суреттерін мұқият қара.
  2. Қала қалай өзгерген?
  3. Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?
  4. Туристерге қайда баруды ұсынар едің?
  • Сергіту сәті
  • III. Жұмыс дәптермен

 

  1. Топ: 34 – жұмыс парағы
  2. Топ: 35 – жұмыс парағы
  3. Топ: 36 – жұмыс парағы
  4. Топ: Ресурстардан коллаж жасау.
  1. IV. Астана қандай екенін бір сөзбен жеткіз. Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар. Ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып көркеюде.

Қалыптастырушы бағалау.

  1. Топа: Томирис қандай ерлік жасады?   44-бет
  2. Топ: Туризмді қалай түсінесің? Жұпта ой бөліс 45-бет
  3. Топ: Өз саяхатың туралы әңгімеле   46-бет
  4. Топ: Астана қаласының көрікті жерлерін атаңыз.

Қорытынды: Кері байланыс

Ойлаудың 6 қалпағы:

Қызыл – көңіл күй.

Сары – жақсы тұстарын айтады.

Қара – сын айтады.

Ақ – өз пікірін білдіреді.

Жасыл – жаңа идея ұсынады.

Көк – басшылық жасап, қорытынды.

М.Р. Балгазина,

№1 мектеп-гимназиясы,

Бастауыш сынып мұғалімі

Сәтбаев қаласы

                                                                              

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.