Home » Ашық сабақтар » Ертегі «Қарлығаш пен дәуіт»

Ертегі «Қарлығаш пен дәуіт»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Топ: ересек

Мақсаты: «Қарлығаш пен дәуіт» қазақ ұлттық ертегісін әңгімелеу.

Міндеттері:

  1. Тәрбиелік: достарына көмектесуге, сый-құрмет көрсетіп және достарына қамқор болуға тәрбиелеу;
  2. Білімділік: қазақ ұлттық оюлар арқылы ертегінің мазмұнын айтуға үйрету;
  3. Дамытушылық: қазақ халқының ою-өрнектері мен халықтың әдет-ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Шығармашылық қабілетін шыңдау, сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: оюлар түрі, құстардың суреті, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.

Билингвизм: қарлығаш – ласточка, қарға – ворона, көкек – кукушка.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бәріміз Алтын күнмен, Көк аспанмен, Жер анамен, достарымызбен амандасып алайық.
  • Армысың, Жер ана.
  • Армысың, жан досым
  • Міне, менің қолым!

 

  • Жылуыңа жылу қос,
  • Армысың, Көк аспан,
  • Армысың, Алтын күн,

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

    • Өте жақсы, балалар. Балалар, өткен оқу іс-әрекетімізде туған өлкеміздің құстарымен таныстық.
    • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілі.

 

    • Балалар, күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетіпті. Енді олар көктем мезгілінде қайта келеді екен.
    • Балалар, құстар қандай топтарға бөлінеді?
  • Құстар 2-ге бөлінеді.
  • Үй құстары

 

  1. Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
  • Үй құстары қайда мекендейді?
  • Үйде.
  • Дала құстары

 

  1. Қарлығаш, сауысқан, қарға, көкек, тырна, торғай, т.б.
    • Дала құстары өз бетімен өмір сүреді. Олар ағаштар мен өсімдіктерді зиянды жәндіктер мен құрттардан тазартады. Содан ағаш жайқалып өседі де, таза ауа бөліп шығарады. Сол таза ауамен біздер демаламыз.
    • Балалар құстар туралы тақпақтарын оқиды.
  • Ал енді, балалар, ойын ойнайық.

Ойын: «Қай құс қайда мекендейді?»

  • Балалар, құстарды мекен ететін жеріне орналастыруыңыз керек. Үй құстарын орналастыру.

 

    • Дала құстарын орналастыру.
  • Балалар, қарлығаштың шырылдаған дауысы естіледі ғой.

 

(Қазақтың халық ертегісі)

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаттары қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:

  • Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, — дейді көкек.
  • Одан шығып, қарғаға барса:
  • Үйленгелі жатқанымда мазамды алма, — дейді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен даусын естіп:
  • Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді.
  • Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.
  • Қарлығаш сонда:
  • Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмей жүрмін, -деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.
  • Олай болса, мені жеткіз тезірек, — дейді дәуіт. Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Содан бері талай заман өтсе де, екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен. Ал енді, балалар, ою түрлерімен ертегі құрастырайық 1-ші кімнен көмек сұрады? Көкектен Қарға не деп айтады? Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма. Міне осылай, дәуіт пен қарлығаш бір ұяда өмір сүреді екен.
  • Алдынан кім шығады? Дәуіт. Достым неге зарлайсың,- дейді. Менің балапандарымды жылан жейін деп жатыр. Соған жылап отырмын дейді. Онда мені тезірек жеткіз. Көзді ашып-жұмғанша олар ұяға жетті, ұяға жақындап қалған жыланды көреді. Жыланның басын шауып түсіреді. Жылан жерге сылқ етіп құлайды.
  • 2-ші кімнен көмек сұрады? Қарғадан
  • Қарлығаш жардың қуысына не салды?
  • Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
  • Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты.
  • Қарлығаш қанатын тосады. Олар көзді ашып-жұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен.

Ал, енді балалар, бәріміз қарлығаштың бейнесін түрлі–түсті қағаздан жапсырып үйренейік.

ІІІ. Сергіту сәті. Қатар-қатар тұрайық,

                            Қарлығашқа ұқсайық.

                            Қанатымызды кең жайып,

                            Ұшып-ұшып алайық

                            Қазым-қазым қаңқылда,

Суда жүзіп саңқылда.

Жем берейін жейсің бе,

Кәмпит берші дейсің бе?

Жоқ, жоқ, жоқ,

Кәмпит — тәтті, ас болмас,

Арпа менен бидай шаш.

ІV.   Фланелеграфта тізілген оюлармен ертегіні айту

  1. Қорытындылау.

Мақал-мәтел айту.

  1. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  1. Жақсы дос-жанға серік,

Жаман дос-малға серік.

Балалар бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік.

           Деніміз сау болсын!

           Еліміз аман болсын!

           Досымыз көп болсын!

           Аспанымыз ашық болсын!

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалар үй құстары мен дала құстарын ажырата біледі, олардың ерекшеліктері мен пайдасы, өмір сүретін ортасы туралы біледі.

Меңгеру керек: Балаларды әдептілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жасай білу керек: Оюлар фланелеграфқа тізіп, ертегі құрастырады.

Жумагожина Жанаргуль

№6 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.