Home » Балабақша » «Ертегі терапиясы арқылы балаларға экологиялық  тәрбие беру»

«Ертегі терапиясы арқылы балаларға экологиялық  тәрбие беру»

Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» —  деген екен. Тұңғыш ұстазымыздың қанатты сөзіне сүйене отырып мамыр айының 14-ші  жұлдызында  астаналық  №48 «Ақ көгершін»  балабақшасын басқарып отырған меңгеруші У.Сабиеваның басшылығымен балабақша  ұжымы  «Ертегі арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» эксперимент алаңының қорытыңды семинарын өткізді. Семинар аясында эксперимент аланың инновация әдіскері Л.Бурумбаева, жетекші тәрбиешісі А.Билтеева «Ормандағы уақиға» театрланған ертегілік көрініс көрсетті.

Сонымен қатар У.Сабиева мен Л.Бурумбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегі арқылы экологиялық тәрбие беру» әдістемелік көмекші құралдың тұсауын кесті.

Аталмыш семинар жұмысына «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры М.Құрманбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, балалар жазушысы Т.Абдрайым, Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Р.Базарбаева және Астана қаласы балабақшаларының меңгерушілері қатысып, өз ой–пікірлерімен және жаңашыл идеяларымен бөлісті.

 

 Л. Бурумбаева,
Нұр-Сұлтан қаласы  №48 «Ақ көгершін» балабақшасының әдіскері.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.