Home » Ашық сабақтар » Ертегі кейіпкерлерін пайдаланып, дыбыстық еліктеуіш сөздерді дамыту және қозғалыстарды бірлесіп дауыс ырғақтарын қалыптастыру

Ертегі кейіпкерлерін пайдаланып, дыбыстық еліктеуіш сөздерді дамыту және қозғалыстарды бірлесіп дауыс ырғақтарын қалыптастыру

Ф.Б. Жолдыбаева,
№1 «Айгөлек» балабақшасы МКҚК,
логопед-мұғалім

 

 

 

 

Мақсаты: Ертегі арқылы баланың қызығушылығын ояту.Байланыстырып сөйлеу, ауызша сөйлеу тілін дамыту, көркем сурет бойынша әңгімелеуге баулу. Артикуляциялық қимыл-қозғалысты қалыптастыру.Зейін қою, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту,ассоциациялық ойлау қабілеттерін,сөздің дыбыстық мәдениетін тілдегі дауысты дыбыстарды ажырата білу іскерлігін дамыту. Дыбыстардың дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту, дыбысты дұрыс айту барысында дұрыс тыныс алу тәртібін сақтау.

Билингвальды компонент: бауырсақ-колобок, заяц-қоян, волк-қасқыр, медведь-аю, лиса-түлкі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,ертегі кейіпкерлері.
Қажетті құрал-жабдықтар: ертегі кейіпкерлері, түтікше, қолдан жасалған чупа-чупс тәттілері, балықтардың суреттері, қыстырғыштар, резеңкелер түрлі-түсті.
Оқу қызметі:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Негізгі бөлім.

Бір күні бір кемпір мен шал болыпты. Шалының бауырсақ жегісі келіп, кемпіріне:

Кемпірім, кемпірім бауырсақ пісірші – депті.

Кемпірі, үйде ұн жоққой.

Сонда шалы. Сыпырадағы ұнды қағып-сілкіп иле депті.

Содан кемпірі сыпырадағы ұнды қағып-сілкіп тәп-тәтті бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына  қойыпты.

Балалар біздің бауырсағымыздың сууна көмек берейік.

2.(Тыныс алу жаттығу. «Балық аулау»).

Бауырсақ  суыған соң, тұрып – тұрып іші пысып, орманға қарай домалап қашып кетіпті. Домалап – домалап келе жатса, алдынан қоян шығыпты. Қоян бауырсаққа: бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін. Егер сен мені жемесін десең сен балалармен бірге маған артикуляциялық жаттығуды  орындап беріңдер — дейді.

Бауырсақ балалармен бірге артикуляциялық жаттығуды орындайды.

  1. «Көңілді тіл». Чупа-Чупс тәттісімен артикуляциялық жаттығулар.

Бауырсақ қоянның тапсырмасын  орындап, домалап –домалап келе жатса, алдынан қасқыр шығыпты. Қасқыр бауырсаққа:
Бауырсақ, бауырсақ мені жеймін дейді.
Бауырсақ: Қасеке мені жемеңіз. Сіз онанда балалармен орындайтын бізге тапсырма беріңіз дейді:
Қасқырдың тапсырмасы:
4.Дыбыстарға талдаулар.           
Бауырсақ қасқырдың тапсырмасын орындап домалап-домалап келе жатса алдынан аю шығыпты. Аю бауырсаққа:

Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін дейді:

Бауырсақ аюға: Аю сіз мені жемеңіз. Сіз онанда маған балалармен орындайтын тапсырма беріңіз дейді.

Аюдың  тапсырмасы:

5.Сергіту  сәті. (Кинезиологиялық жаттығулары бойынша).

Бауырсақ аюдың тапсырмасын балалармен бірге орындап домалап-домалап келе жатса, алдынан қу  түлкі шығыпты: Түлкі бауырсаққа:

Бауырсақ ,бауырсақ мен сені жеймін дейді.

Сонда бауырсақ мені жемеңіз. Сіз онанда балалармен бірге орындайтын тапсырма беріңіз дейді .

Түлкі жарайды онда берейін. Түлкінің тапсырмасы:

6.Дидактикалық ойындар. «ТРИЗ(ӨТТШТ) технологиясы желісімен»

Түлкі бауырсақты жегісі келіп тапсырмаға көңілі толмай ,бауырсақтың өзіне ғана өлең айтып беруін сұрайды. Бірақ өлеңді тұмсығыма отырып айт дейді.

Аңқау бауырсақ түлкінің тұмсығына отырып:

Мен бауырсақ, бауырсақ.

Сыпырадағы ұн ұрсақ – деп әндетіп жатқан кезде бауырсақты түлкі ап етіп жеп қояды.

Логопедтің сөзі: Балалар көрдіңдерме біздің   бағанадан бері досымыз болып,бізбен бірге тапсырма орындап келген аңқау бауырсақты қу түлкі жеп қойды.  Енді олай қу адамдарға бізде алданып қалмайық жарай ма балалар? Сөйтіп аңқау бауырсақ балалармен тапсырманы орындап келе жатып қу түлкіге алданып қалыпты.

7.Балаларды бағалау                    

8.Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.