Home » Балабақша » Ертегі елінде

Ертегі елінде

Косбаева Айнагүл,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы,
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі

 

Тәрбиеші: Ертегі халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

Құрметті қонақтар, Ертегілер еліне қош келдіңіздер І-ші кіші «Жұлдыздар» тобының тәрбиеленушілерінің қиялынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал кемпіріне:

Шал:

-Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір:

Неден пісірейін үйде ұн жоқ қой . –дейді

Шал:

— Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қарап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Тәрбиеші:

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймақ қосып қамыр илейді, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, жылжып жолға да жетеді. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян:

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін сен оданда соны тыңда.

Тәрбиеші:

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге салады.

Бауырсақ:

Әжем қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.

Қаймақ қосып маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым! – енді сеннен де қашып кетемін.

Тәрбиеші:

Бауырсақ қояннан қашып кетіп, жолда домалап келе жатса, алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр:

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

-Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Тәрбиеші:

Бауырсақ әндете жөнеледі.

Бауырсақ:

Әжей қойма қырнаған,екі уыс үн жинаған.

Қаймақ қосып маймен сылаған

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым.

Қояннан да сытылдым, қасқыр сеннен де құтылу-қиын емес бұл маған.

Тәрбиеші:

Бауырсақ қасқырдан да қашып кетіп, орман ішімен домалап келе жатса алдынан аю қарсы шығады:

Аю:

-Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

-Сен мені жеме,  мен саған өлең айтып берейін.

Тәрбиеші:

Бауырсақ әндете жөнеледі.

Бауырсақ:

— Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Қаймақ қосып маймен сылаған

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым.

Қояннан да сытылдым, Қасқырдан да құтылдым,

Маймақ аю сеннен де құтылу қиын емес бұл маған!

Тәрбиеші:

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Алдынан түлкі шығады.

Түлкі:

-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Тәрбиеші:

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған боп, білдірмей, бауырымен сырғып жақындай береді.

Бауырсақ:

— Әжей қойма қырнаған,екі уыс үн жинаған.

Қаймақ қосып маймен сылаған

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым.

Қояннан да сытылдым, Қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,түлкі, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған!

Түлкі:

-Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы,-дейді.

Тәрбиеші:

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар дауысымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі бауырсақты ұстап алады.

Бауырсақ:

-Түлкі, сен мені жеп қайтесің! Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.

Тәрбиеші:

Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр, Аюды ертіп алады.

Атасы мен Әжесі бауырсақты көріп қуанып, Түлкі, Аю, Қасқыр, Қоянға бауырсақ беріп бір тойғызады. Ал, Бауырсақ терезенің алдына отырып, әнін айтады.

Балалар, ертегі сендерге ұнадыма?

Ендеше, әр кез осылай дос болып жүрейікші! Балалар, бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.