Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Ертегі арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту

Ертегі арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту

Мемлекттік тілде еркін сөйлей алатын, өз ойы мен пікірін қазақша жеткізе алатын, Отанымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін терең білетін білімді тұлғаны, еліміздің саналы азаматтарын даярлауды халық мұғалімдерден күтеді. Сондықтан, мұғалім өмір бойы оқып, ізденісте болуы керек. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»-деген екен К.Д. Ушинский. Соның ішінде математика пәні мұғалімдеріне ізденудің үстіне іздене түсу керек, үнемі білімін жетілдіріп толықтырып отырмаса заман ағымына еру, оқушылардың әрбір сауалына толыққанды жауап беру, оқушының әрбір сұрағын қанағаттандыру мүмкін емес. Соңғы жылдарында диалогтік оқыту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында ауыз әдебиеті ертегілерін пайдаланып ертегі есептер құрастырудамын. Ертегі мәтінінің артқы жағында немесе астарында байқалмай тұрған математикалық ойларды, қиялдарды, логикалық құбылыстарды зерттеп, нақты күнтізбелік жоспар бойынша бір тақырып немесе бір бөлім аясында сол ертегінің мазмұнына сай әртүрлі есептер, өрнек, теңдеулер құрастырылған. Ондағы мақсатым қазақ ертегілерінен математиканы іздеу және оқушыларды көп қолданыста жоқ өлшем бірліктермен таныстырып, өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Аңдар қауымдастығы ертегісі

  1. Аңдар қауымдастығы аңдарға тапқан азықтарын бір орталыққа жинап бөліп жеуді ұсынды. Ұсыныс қауымдастықтағы мүшелерге ұнап, олар ақылдаса келе жиналған бір пұт азықтың жартысын аң патшасы арыстанға беруді ұйғарды. Қалған азықтың ширегін қасқырға, одан қалған азықтың жартысын аюға берді. Ең соңында қалған азықтың -сін түлкіге және қалғанын қоянға берді. Сонда аңдардың әрқайсысы неше килограммнан азық алды.

Жауабы : Бір пұт-16 кг, ширек — -і, жартысы- -і болса, онда

Арыстанға 8 кг, қасқырға 2 кг, аюға 3 кг, түлкіге 2 кг, қоянға 1 кг берілген.

Кірпі ертегісі

  1. Тікенінде 4 шие тұрған әкесін көрген кірпінің баласы өзінде неше шие бар екенін білгісі келіп әкесінен сұраса, оған өзіндегі шиеден екі есе шие бар екенін айтты. Сонда кірпі баласында неше шие бар?

Жауабы: 8 шие

  1. «Алпамыс батыр » [6-сынып. Әдебиет. 21-бет] жырының үзіндісінен өзгертіліп алынған:

Баяғы өткен заманда,

Дін мұсылман аманда,

Жиделібайсын жерінде,

Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген бай бопты…

Тоқсан мың екен сүтті түйесі

Мұрындық, ноқта тимеген.

Түйешілер мінбеген

Сексен мың екен атаны.

Жиделібайсын даласы,

Бес тоғайлы жер еді,

Шұрқырап жатқан бір жылқы,

Тоғай сайын мың жылқы.

Есебі жоқ көп жылқы.

Алты мың жылқы бір бөлек

Торысы мен қарасы.

Аңдай болып көрінген

Жеті мыңдай бозы менен аласы.

Айтыңдаршы, сонда Бөрібайда,

Қанша болды, ірі малы санашы?

Жауабы: 90000түйе+80000түйе+

+51000 жылқы+6000+7000188000

4.«Қырық бір өтірік» ертегісінен үзінді [4-сынып. Әдебиеттік оқу хрестоматиясы.153-бет]

Тыр жалаңаш ағамыз қоянды етегіне салып, үйге әкелді. Сөйтіп біз қоянды сойып, одан бір пұт май сылып алдық.Әкеміздің барлығымызға ортақ бір етігі болатын. Мен сол маймен әкемнің етігін майлай бастадым. Қанша майласам да, сол май әкемнің сыңар етігін майлауға ғана жетті. Сонда әкемнің етігін толықтай майлап шығу үшін неше келі май керек?

Жауабы: Бір пұт 16 кг болса сонда екі сыңарға жетеді 162=32 (кг)

5.«Қырық бір өтірік» ертегісінен үзінді [4-сынып. Әдебиеттік оқу хрестоматиясы. 153-154 бет]

Түлкі қаша жөнеліп, мені тесіктен сүйрей тартты. Тесіктен шыққан кезде түлкінің құйрығы үзіліп кетіп, одан айырылып қалдым. Қолымда құйрығы қала берді.

Мен әлгі құйрықты үйге әкеліп, қақ жарып едім, ішінде қағаз жатыр екен. Қағазды ашып қарасам, онда «Қазір семіз үйректі пісіріп, өтірікті тыңдап отырған шал сенің әкеңе он пұт қара бидай беруі тиіс»,-деп жазылған екен. Сонда әкесіне неше келі қара бидай берілуі тиіс?

Жауабы : Бір пұт 16 кг болса сонда он пұт қара бидай 1610=160(кг)

 

  1. «Алпамыс батыр» жырының үзіндісінен өзгертіліп алынған [6-сынып . Әдебиет. 25-26-бет]

Арқа – басын сипалап,

Шұбарды бала ұстады.

Қарғып мініп жас бала,

Ашуы кернеп жөнелді…

Ауыздықпен алысып,

Ұшқан құспен жарысып.

Қазіргі заман аттары,

Сағатына қырық шақырым алып береді.

Отыз есе артық жылдамдықпен,

Бір күн шапса Шұбар ат,

Айлық жер алып береді.

Осыменен ұдайы,

Он екі күн жүреді.

Шұбар аттың шапқаны,

Қанша шақырым жер еді?

Жауабы: Шұбар аттың жылдамдығы- 4030=1200

Бір күнде 120024=28800 км

Бір күнде бір айлық жол жүрсе, онда 2880030=864000 км жүреді

Ал он екі күнде 86400012 =10368000 км жүреді.

 

  1. «Алпамыс батыр» жырының үзіндісінен өзгертіліп алынған [6-сынып . Әдебиет. 42-бет]

Ойын жасында елінен кеткен Алпамыс батыр көңілін қатайтып, жүрегін тоқтатып еліне бозбала жасында қайтып келе жатса, жолында бір шатыр тұр. Алдында біреу мосыға шай қайнатып отыр, назарын салса, әкесіне немере Құлтай деген бабасының жалғыз баласы Тортай екен. Көрісіп болған соң Алпамыс: «Аға, елдің жайы қалай?» деп сұрады. Тортай айтты :«Ей, шырағым, елдің несін сұрайсың шақалақ, яғни нәресте жасында өзіңнен қалған Жәдігерді жалаң аяқ, жалаң бас, мойнына шынжыр, аяғына кісен салып, сәби шағында қойдың соңына салып қойды» деді Сонда Алпамыс неше жылда елге оралған?

Жауабы: Ойын жас 10 жас,

бозбала жас 17 жас,

шақалақ немесе нәресте туғаннан 1 жасқа дейінгі жас,

сәби жас -7 жас

сонда Алпамыс 10 жасында кетіп 17 жасында келгенде баласы Жәдігер 7 жаста болғаны. Алпамыс 7 жылдан кейін келген.

  1. «Алпамыс батыр» жырының үзіндісінен өзгертіліп алынған [6-сынып . Әдебиет. 42-бет]

… Талма түстің шағында,

Айдын көлдің бойында,

Тосып тұрған көлденең,

Мыстанға келіп жолықты…

…Өңкей сұлу шуылдап

Көтеріп аттан алады,

Ақ кілемге салады,

Кезекпенен тамағын,

«Алдиярлап »береді.

Біреуі беріп кеткесін,

Біреуі және келеді.

Ақшам уақыты болғанда

Бала әбден тояды.

Айтыңдаршы балалар

Талма түс пен ақшам арасы

Неше сағат болады?

Жауабы: Талма түс-күннің қатты ысыған кезі, сағат 13:00 шамасы,яғни сағат 1

Ақшам- 16:00 шамасы, яғни сағат 4 десек

Сонда: 4-1=3 (сағат)

9.«Алпамыс батыр» жырының үзіндісінен өзгертіліп алынған [6-сынып . Әдебиет. 22-23бет]

…Мақұл көріп Байбөрі,

Сәрсенбі күні сәске түсте,

Жүрмекке қосын шығарды.

Екі күндей жүргенде

Әзіреттің төбесін

Күндік жерден көреді

Өлдік- талдық дегенде

Кешкі құптан болғанда

Әзіретке келеді.

Сонда Әзіреттің басына,

Аптаның қай күнінде

Неше сағат жүріп келеді?

Жауабы: Сәске түс- түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы

Күндік жер –бір күндік жер

Құптан- сағат 20:00 шамасы

Сонда сәрсенбі күні шығып екі күн жүрсе бейсенбі және жұма күні жүреді және бір

күн жүрсе сенбі күні Әзіреттің басына келеді.

12сағат +24 сағат +24 сағат+20 сағат =80 сағат, сонда сенбі күні 80 сағат жүріп жетеді

Қосымбай Алтын Жауынқызы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,

Онды ауылы, Онды орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.