Сайлау Сабила,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиешісі.
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау. Геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Шаттық шеңбер.Амандасу үлкенге
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнікей бәріміз
Сәлем,-дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар
.Қайырлы таң , балалар.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі (Көктем).
Көктем айларын ата? (Наурыз, Сәуір, Мамыр)
Балалар қандай ертегі білесіңдер? («Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян» )Жарайсыңдар балалар, олай болса Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалайық!Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз.
Ерте , ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша:НұрайО, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: (Әлтайыр) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін .
Маша:Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар.Ол тура сенің үйінің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1-тапсырма. Бір аптада неше күн бар? Жауабы: бір аптада жеті күн бар.Дүйсембіде доп ойнадым далада,Сейсенбіде серуен құрдым қаладаСәрсенбіде сурет салдым сәндетіп Бейсенбіде би биледім әндетіп, Жұма күні жидек тердім ағаштан,Сенбі күні кино көрдім клубтан, Жексенбіде үйде болдым дем алдым. Осылайша өте шықты бір апта. Біздің балаларда апта күнін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға. Бір кезде қасқыр келеді.
Қасқыр: (Бексұлтан) Бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын . Сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымда төртбұрыш бар, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: солай екен ғой , үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2-тапсырма.1-ден 10-ға дейін тура, кері санап бер.(0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0)Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Ойын: Көршісін тап
Қоян (Еркеназ) Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: мен Машамын. Сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім, оның бұрышы жоқ, допқа , күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші,Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3-тапсырма.Алма ағашта бес алма Қандай тәтті жесе алмаБесеуіңде жеп қойсаң Қалады онда неше алма?
Қоян: (0 алма)
Маша: дұрыс айтасың, кіре ғой.Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?Төрт қонжық орманда, келе жатты қорбаңдап.
Біреуі шаршады, Әрмен қарай бармады. Жарайсыңдар, балалар! Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі :(Алуа) мен түлкімін. Менің қолымда шаршы пішіні. Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша : солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4- тапсырма. 1-ден 5-ке дейін санамақ айтып бер.
Түлкі: Бір дегенің бесік, Содан шықтық өстік. Екі дегенің елім, Өзен тауым, көлім.Үш дегенім үміт, Үміт артар жігіт.Төрт дегенім төзім, Төзе білім өзім.Бес дегенім бақыт, Бағалайтын уақыт.Жарайсың түлкі.Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
Сергіту сәті:Бойды сергек тік ұста. Емін -еркін тыныста.Оң қолыңды соз алға, Қол ұшына қарадаҮшбұрыш сыз ауада. Сол қол босқа тұрмасын.Шеңбер жасап тыңбасын.
5-тапсырма. Саусақпен санап үйренейік. Бес кәмпитім бар еді,Сараңдығым жоқ еді.Бір кәмпитім атаға, Бір кәмпитім әжеге, Бір кәмпитім анама, Бір кәмпитім әкеме, Өзімеде жете ме? Қорытынды. Балалар пішіндер туралы өлең шумақтар айтайық.
1Адильхан:Пішіндерді үйрендім. Қабырғасы тік сайлыҮш бұрыш бұл үйлердің Шатырына ұқсайды
2Бағжан:Бөлініп-ап екіге, Отырған сәт шетінде Төртбұрышта ұқсайды. Үстелдердің шетіне
6-тапсырма. Балаларға логикалық сұрақтар.Айшаның анасы дүкеннен екі доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды? (1)Ағашқа бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?(3)Сандар шығып өлең шумақтарын айтады.
1Адина:Мені білгің келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2Алдияр Бірден кейін тұрамын
Сандар іші тұрағым
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3Индира:Екіден соң әрқашан
Үш саны болып қаламын
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын
4Абдулла: Достар мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның
5Райана:Әр қолда саусақ бес- бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.
М аша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс-қызметіміз аяқталды. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық!