Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті шарлар театры арқылы сөздік қорын молайту, диалогты сөйлеу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Шаттық шеңбер:
Жұмбақ:
Қар суы еріп, сай-салаға толады,
Жер көгеріп, бүршік атып,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем мезгілі.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір көктем мезгілі.
Т: Балалар көктем деген сөзді үш тілде айтып көрейік. Менің артымнан қайталаңдар: көктем- весна — spring
Т: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Б: Көктемде күн жылы болады, құстар келіп, балапан басады, жерге гүлдер, шөптер өседі және т.б.
Т: Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалардың жауабы:
Т: Қазір қандай ай?
Балалардың жауабы:
Т: Олай болса көктем туралы тақпақтар айтайықшы. Қане, кім біледі?
Тақпақ:
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
Т: Жарайсыңдар, өте жақсы.
(Тәрбиеші есік қасында хатқа назар аударады)
Т: Балалар, қараңдаршы, бізге біреу хат әкелген. Кәне, ашып оқиық. Кімнен екен?
Хатты ашып оқиды: Сәлеметсіз бе! Мен Машамын. Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар. Мен қысқы орманға серуендеп барғанмын. Ал мені аю ұстап, өзінің үйіне қамап қойды. Мында өте қорқынышты. Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым. Мені құтқарыңдаршы!!!
Т: Машаны құтқарамыз ба? Олай болса орманға барамыз ба? Ертегілер әлеміне енеміз бе?
Балалар: Иә!!!
Т: Балалар, ертегі сөзін үш тілде айтып көрейікші: ертегі — сказка — fairytale. Жарайсыңдар!
Т: Ендеше, бәріміз автобуспен орманға барамыз. Кәне, кеттік!
(«Ертегілер» әні қосылып, безендірілген орман алаңқайындағы орындықтарға барып отырады)
Т: Балалар, міне біз де орманға келіп қалдық. Орман іші әдемі ме?
Балалар: Иә!
(Осы кезде аю алаңқайға келеді)
Аю (ашулы дауыспен айтады): Кім? Кім менің орман патшалығыма келген?
Т: Балалар, қане, бәріміз аюмен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Аю: Амансыңдар ма! Менің патшалығыма қайдан келдіңдер? Не істеп жүрсіңдер?
Т: Аюжан, біз Машаны іздеп жүрміз.
Аю: Ха ха ха! Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен. Мен оны үйіме кілттеп қойдым. Енді ол менің үйімді жинап, маған түрлі дәмді тағамдар пісіреді.
Т: Балалар, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп немесе ойнап жүруге бола ма?
Б: жоқ.
Т: Аю, Машаны кешірші, оны жіберші, ол кішкентай қыз ғой. Атасы мен әжесі жылап жатқан болар.
Қыс ханшайымы: Ммм, егер сендер менің тапсырмаларымды орындай алсаңдар, жіберемін.
Т: Балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба?
Б: ИӘ!
Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру»
Мұрныннан кеудеге өтеді,
Одан кері кетеді,
Өзі көзге көрінбейді,
Онсыз өмір сүрілмейді. (Ауа)
Аяқ-қолсыз өсіпті,
Ашып-жабар есікті. (Жел)
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (Су)
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
(Жұмбақтардың жауабын тапқан сайын, слайдта сызықтармен жабық тұрған шалқанның суреті ашылады)
Т: Балалар, ненің суреті шықты?
Б: шалқанның.
Аю: Дұрыс, ендеше келесі екінші тапсырма «Шалқан» ертегісін сомдау.
Т: Балалар, «Шалқан» ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаймыз. Қане, еріктерімен айтыңдар, қай кейіпкерді сомдайсыз. (автор, ата, әже, немере қыз, күшік, мысық, тышқан)
Т: Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар.
Балалар, шаршаған боларсыңдар, қазір сергіп алайық. Орнымыздан тұрайық.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға қарап, солға қарап,
Егеменді ел көрдім.
Аю: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер ме?
Балалар: Иә!
Үшінші тапсырма: «Ертегінің атын тап?»
Слайдта көрсетілген ертегі суретіне қарап, қай ертегі екенін айту керек.
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, рахмет!
Т: Төртінші тапсырма мына жұмбақты шешкенде белгілі болады:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен әжеден.
Орманда кеше жүр еді,
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)
Төртінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін шарлар арқылы сомдау.
(Шарға кейіпкерлердің суреті жапсырылады, балалар қолдарына ұстап ойын түрінде сомдайды)
Ата, Әже, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.
Т: Керемет, балалар, өте жақсы сомдадыңдар! Енді бесінші тапсырмаға назар аударайық. Жеке жұмыс.
Бесінші тапсырма: «Лақтарға дұрыс жол тап» («Жеті лақ» ертегісі бойынша).
Шарты: Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып бастыр. Егер жолдан қателессең, лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп қояды.
(Балалар үстел жаңына барып сызады. Бір бала тақтаға келіп көрсетіп, сызады)
Аю: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар. Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар. Ендеше мен Машаны жіберейін.
(Есіктің арғы жағынан Машаны ерітіп келеді)
Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім. Ата әжемді көрмей қамауда жүрер едім. Аю, сізге де рахмет. Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін. Балалар, сендер де орманға, көшеге жалғыз ойнап бармаңдар, жарай ма!?
Менің сендерге сыйлығым бар қабыл алыңдар. Мен атам мен әжемді сағындым, үйіме қайтайын. Сау болыңдар!
Т: Біздің қайтатын уақытымыз болды. Аю, балаларға енді ұрынба, сау бол!
Балалар: Сау болыңыз, аю!
Т: Балалар, автобуспен балабақшаға қайтайық.
(Бәрі бірінің артынан бірі жүріп қайтады)
Қорытынды: Сұрақ-жауап:
Біз қайда бардық?
Кімге көмектестік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
(Балалар жауап беріп, өз әсерлерін айтады)
Тәрбиеші: Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
(Тәрбиеші балаларға Машаның сыйлығын үлестіреді).
А.Б. Кыдыралина,
№45 «Алтын бала» бөбекжайының
тәрбиешісі,
Ақтөбе қаласы