Home » Балабақша » Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Папышева Г.Д.
топ тәрбиешісі.

 

Мақсаты: Жыл бойы өткен іс-әрекеттерін қайталап жасау. Балалардың түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін.
Достыққа тәрбиелеу.

Білім беру саласы: «Тіл дамыту», «Қоршаған орта», «Таным», «Денмаулық», «Қатынас».

Бөлімі: кіріктілген ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.

Қажетті құрал –жабдықтар, көрнекіліктер: үйшік, ертегі кейіпкерлері, пішіндер, шар, сандар т.б

Билингвалды компонент: ертегі-сказка.

Мотивациялық қозғаушылық:

Тәрбиеші басына күннің күліп тұрған бетпердесін киіп:

  • Сәлеметсіздер ме? балалар ата-аналар, қонақтар. Мен Көктем күнімін. Өзіммен бірге сіздерге күлкі, қуаныш ала келдім.Сендермен бөліскім келеді. Қәне балалар бір-бірімізге қарап күлейікші. Өте жақсы мен сендерге ризамын.Балалар қазір жылдың қай мезгілі.Әрине көктем. Ал айтайықшы көктем табиғатында қандай өзгерістер бар? Күн жылынады, қар ериді, адамдар жылы киімдерін шешті, далаға жасыл шөп шықты, қорадағы малдарымыз көкке шығады. Барлық адамдар көктем келгенде қуанады.т.б
  • Балалар біздің тобымызға қонақтар келген екен, кәне бәріміз күліп олармен амандасайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар.

Қайырлы таң қонақтар.

Сәлеметсіздер ме?, Здраствуите.

-Балалар,сендер қандай ертегілер білесіңдер?

Балалар: «Бауырсақ», «Шалқан», «Үш  аю», «Үйшік», «Жеті лақ»т.б

— Ендеше «Үйшік», ертегісін есімізге түсіріп ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырайық.

Алаңда бір үйшік тұр. Есігінде құлып тұр.Оны тышқан көріп қалады.

Неткен керемет, үйшік, бұл кімдікі? Үйшікті айналып жүргенде хат тауып алады. Хатты оқиды.Онда тапсырманы орындасам үйшіктің есігі ашылады деп жазылған екен.

Тышқан: Балалар маған көмектесіңіздерші?

Тәрбиеші: Әрине көмектесеміз, ия балалар?

Балалар біз нешеге дейін санау білеміз?

1 ден 5ке дейін санаймыз. Қазақша, орысша санаймыз.Сандар жайында тақпақтар айтамыз.Тақтадағы сандарды ретімен көрсетеді.

Бір дегенім — білеу,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім – егім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім – үміт,

Үмітартар жігіт.

Төрт дененім –төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

— Жарайсыңдар балалар сендерге бірінші тапсырманы орындадыңдар. Тышқанға есік ашылады,тышқан үйшікке кіреді.

Бақа: Неткен үйшік, мұнда кім тұрады?

Тәрбиеші: тоқта, тоқта бақылдауық бақа! Егер тапсырманы орындасаң ғана үйшіктің есігі ашылады.

2-ші тапсырма жұмбақтар берген екен. Жұмбақ «Пішіндер» жайлы екен.

Атына сай балалар

Ұшбұрыш үш жағы бар

Ол пішінді кім табады.

(Үшбұрыш)

Балалар ұшбұрыш, дөңгелек,төртбұрыш осылардың бәрін бір сөзбен қалай атамыз.

Балалар: Пішіндер дейміз.

Бақа: Мен балалар өзімен бірге ойын алып келдім.Ойынды жинауға маған көмектесіңдерші ?

Тәрбиеші: Әрине көмектесеміз, ия балалар?

  • Мінекей бақаға да көмектесетік,оған үйшік есігі ашылды.
  • Ендеше бәріміз демалып «Үйшік өлеңін айтайық».

Далада бір үйшік тұр.

Есігінде құлып тұр.

Есікті қасқыр қағады.

Тарс-тұрыс, тарс-тарс,

Есікті ол аша алмай,

Ызға қатты батады.

Алтын сары түлкі кеп,

Құлыпты оңай ашады.

Қоян: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тәрбиеші: Тоқта, тоқта Қоян! Тапсырманы орындасаң ғана үйшіктің есегі ашылады.

Қоян: Балалар маған көмектесіңдерші өтемінемін?

3-тапсырма «Суреттерге қараңдар және салыстырыңдар»

Қоянның оң қолында сәбіз, ал мында ше сәбіз  қай қолында?Мына қоянның ұстап тұрған сәбіздері қай қолындағы ұзын және қысқа.

Балалар қараңыздаршы қоян мұңайып тұр неге деп ойлайсыздар ?

Себебі сәбіздерін түсі, қандай болатынын, білмей тұр.

Ендеше орнымызға барып қалам арқылы сәбіздерін тоқсарыммен бояп берейік.

Міне қоян да,үйшікке кірді, оған да есік ашылды.

Қасқыр: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тәрбиеші: Тоқта,тоқта Қасқыр! Тапсырманы орындасаң ғана үйшіктің есігі ашылады.

Қасқыр: Балалар маған көмектесіңіздерші өтінемін.

4-тапсырма «Көңілді сандар»

Тәрбиеші: Балалар барлығымыз біз қасқырмен ойын ойнайық.

Міне қасқыр үйшікке кірді, оған да есік ашылды.

Түлкі: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тәрбиеші: Тоқта ,тоқта түлкі! Тапсырманы орындасаң ғана үйшіктің есегі ашылады.

Түлкі: Балалар маған көмектесіңіздерші?

Тәрбиеші: Әрине көмектесеміз, ия балалар?

5-тапсырма «Түс ажырату»

Түлкі: Менің қолымда не бар?

Балалар: Шар

Түлкі: Мен шарларымның түстерін ажырата алмай тұрғаным.

Балалар: Түстерін айтады және ажыратады.

Міне түлкі үйшікке кірді,оған есік ашылды.

Аю: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Сол кезде аю жылай бастайды.

Тәрбиеші: Аю сен неге жылап отырсың, саған не болды?

Аю: Қалай жыламайын, мына жерге үйшік тұрады,мен оған сыймаймын. Мен олармен бірге дос болғым келеді.

Тәрбиеші: Жылама аю, біздің балаларымыз саған арнап ән айтып береді, көңіліңді көтереді.

Ән: Қоңыр қонжық

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.