Home » Ашық сабақтар » Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: — ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;

— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;

— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиеші: — Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін,

«Қайырлы күн!» — тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» деп кіремін.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?

— Жақсы болса, бәріміз қосылып «Ертегілер әлемі» әнін айтайық.

— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

— Ертегілер елінде кімдер тұрады?

— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?

— Ертегілер бізді неге үйретеді?

Балалардың жауабы тыңдалады.

(Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі. Ертегі ханшайымынын сөзі: «Сәлеметсіңдер ме, балалар, Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін. Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды шақырамын. Егер, менің тапсырмаларымды жылдам және дұрыс орындасаңдар мен сендерге қонаққа келемін. Ертегілер еліне келу жолды менің сиқырлы кітабым тауып береді.

— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?

— Төменнен іздеңдер, бар ма?

— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма? Сиқырлы кітап сендердің араларыңда отырған оң жақтан санағандағы 7 баланың орындығының астында

«-а-а-а» Ханшайымның айтуымен кітапты тауып алады.

Тәрбиеші: -Ал, балалар ертегі ханшайымы сиқырлы кітап қайдан табасыңдар деді?

Балалар жауабы: оң жақтан санағанда орындықта отырған баланы табады.

Тәрбиеші: Ендеше, санап көрейік. Балалар санайды.

Тәрбиеші: Ооооо, балалар қараңдаршы, қандай әдемі кітап екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік? /кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/

— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;

— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?

— Үш саны қай ертегіде кездеседі? (Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады) Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері (балалар суреттерге қарап қандай ертегі екенін табады)

Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар? (Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)

Дидактикалық ойын:
<<Жұмбақтың шешуін тап>>
1-ші:
Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта аламады.
Бұл қай ертегі?
2-ші:
Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қай ертегі?
3-ші:
Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ,
Басында қалпағы бар.
Ормандағы жәндіктерге,
Жауын жауса пана болар.

Бұл қай ертегі?

4-ші:
Үйін жинап ертеңмен,
Миіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты.
Бұл қай ертегі?

(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
— Қараңдаршы балалар, сиқырлы кітап мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кетіпті. Олардың орындарын тауып ретімен орналастырыңдар –дейді.

Жарайсыңдар, балалар.

— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар? (Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)

Тәрбиеші: балалар сиқырлы кітап бізге экранға назар аударыңдар, ондағы тапсырманы орындасаңдар, ертегі ханшайымы өзі сендерге қонаққа келеді, -дейді.

Балалар тапсырманы орындаймыз ба?

Балалар: Ия,орындаймыз. (музыка ойналып, ортаға ертегі ханшайымы келеді)

Ертегі ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендердің қандай білімді екендеріңнің бәрін көріп, бақылып жүрдім. Сендер сиқырлы кітаптың барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Сол себепті мен сендердің орталарыңда сендермен бірге отырмын. Ал, сендер ертегі әлемі, ертегі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Ертегі ханшайымы: Ендеше, тыңдап көрейік.

Б. Айару:                                                                                                                            

«Бар екен де, жоқ екен,

Бөре бақауыл екен

Түлкі жасауыл екен,

Ертек, ертек, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен,

Дильназ:                                                                                                                    

Если сказки любишь ты-                                                                                                    

Мы о них расскажем,                                                                                                    

Если сказки любишь ты-                                                                                                         

Мы их вам покажем                                                                                                            

Сказок столько в мире есть,                                                                                                  

Всех их вам не перечесть.

Ертегі ханшайымы: Жарайсыңдар. Балалар мен сендерге ертегілер елінен «Маша мен үш аю» ертегісін алып келдім.
Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді.
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік.
Баяндайын көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.
Ертегі ханшайымы: Баяғы бір заманда Маша деген қыз болыпты. Бір күні Маша орманнан саңырауқұлақ теріп қайтайын деп әжесі мен атасынан сұранады.
Әжесі: Жақсы бара ғой, бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін,- дейді.
Маша: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар,
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша
Әжем менің тамаша.
Атасы: Ал, маған арнап ше?
Ата үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз
Атасы: Жарайсың, қызым, бара ғой.

Әжесі:Тек алысқа ұзама, тез қайтып келе ғой.
Маша: Жарайды.
Маша орманда саңырауқұлақ теріп өлең айтып жүріп, адасып кетеді.
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келген Маша былай деп айғайлайды.
Маша:А — у — у — у ата, А — у — у — у ата!
А — у — у – у әже, А — у — у — у әже, қайдасыздар, маған көмектесіңіздер!
Ертегі ханшайымы: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кездеседі.

Маша: Үйшік — үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі, баласын еркелетіп Мишутка деп атайтын.
Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарқанда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, ортаншы табақ шешесінікі, ал кішкентай табақ – Мишутканыкі еді. Маша үлкен табақтағы одан кейін ортаншы табақтағы ботқаны жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкентай табақтағыны жеп көріп еді, ұнап қалды. Ботқаны Маша түгел жеп қояды. Шаршаған Маша отырғысы келіп ең үлкен орындыққа отырып еді, құлап қалды, ортаншысы ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне тұп – тура екен. Маша тербеліп еді, орындық сынып қалды. Маша арғы бөлмеге кіріп еді, онда төсектер бар екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Машаға дәп-дәл келді. Сол төсекке жатқан Маша ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.
Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі
Абдуллах: «Менің тамағыма кім тиіскен?» — деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің ботқамды да жеп көріпті»,- деп айғай салды.
Мишутка: «Менің ботқамды түгелдей жеп қойыпты», — деп шәңк — шәңк етті.

Ертегі ханшайымы: Енді аюлардың көзі шашылып жатқан орындықтарға түседі.                                                                                    

Абдуллах: «Менің орындығыма кім отырған болды?» — деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің орындығыма да кім отырған?»- деп айғай салды.
Мишутка: «Менің орындығымды мүлдем сындырып тастапты, -деп жылап қоя береді.
Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:

Абдуллах: «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» — деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.
Мишутка: «Менің төсегімде жатқан? — деп шәңк — шәңк етті.
Аюлардың даусынан шошып оянған Маша қорқып кетті.
Маша: Мені жемеңдерші, мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар: Жарайды.
Маша: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Дым білмейді масқара
Менімен ойнайсыңдар ма?
Аюлар: Иә, ойнаймыз.
Маша: Аю, аю тұршы,
Беті қолын жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Әй — әй көйлек киші,
Қане, мені қушы, — деп Маша қаша жөнеледі.
Аюлар қорбаңдап Машаға жете алмай қалады. Осылайша Маша аюлардан құтылып, аман-есен атасы мен әжесіне келіп ұзақ өмір сүріпті.
Ертегі ханшайымы: — Ертегі елі сендерге ұнады ма? Ертегі сендерге ұнады ма?

— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?

— Жарайсыңдар, балалар. Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды.

Тәрбиеші: Рахмет, ертегі ханшайымы, біз ертегілер арқылы бір-бірімізге мейрімді, адал, шыншыл болуды, өтірік айтпауды, ұрлық жасамауды және ешкімге жәбір көрсетпеуді үйреніп жүрміз. Сізге көп рақмет, сау болыңыз.

Ертегі ханшайымы: Сау болыңдар, балалар. Ертегі оқып және тыңдаудан еш жалықпаңдар. Сендер де әрқашан бір — біріңе көмектесіңдер, бір — бірлеріңді ренжітпеңдер, бір — бірлеріңе, үлкендерге жақсылық жасай біліңдер. Мейірімді, адал болыңдар.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: Балалар, ертегі ұнады ма?
Бізге қонаққа кім келді?
Біз қандай ертегіні сахналап бердік?
Біз қандай тапсырмаларды орындадық?

Жарайсыңдар, балалар, сендерге көп рақмет.

Ал, ендеше,
Қонақтармен қоштасып

Орнымыздан тұрайық,
Қол ұстасып достасып
Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.

 

Есенова Ақбота Нұрдаулетқызы,

МКҚК «№78 бөбекжай – балабақшасының»

тәрбиешісі,

Алматы қаласы,

Алатау ауданы,

Саялы ықшам ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.