Home » Балабақша » Ертегілер елінде

Ертегілер елінде

        «Балабақша – болашақ білімді ұрпақтың кепілі»,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының  бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ұстаз өз білім-білігін, оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп  отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.  Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс – тәсілдер жасалды. Солардың бірі балаларды театр арқылы тәрбиелеу.

Театрдың бала өміріндегі маңызы өте зор. Ертегілерді сахналау нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп,  білім берудің тиімді деп танылған. Ертегілерді  күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиешінің алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Олай, болса, тәрбиешілердің алдында тұрған бірден – бір мақсат – балалар алған білімдерін пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын, ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен  қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.  Заманға сай, «сегіз қырлы, бір сырлы» жан –жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру әр тәрбиешінің басты мақсаты.  Осы бағытта ертегілерді балаларға айту, оларға театр түрлерімен сахналату, жақсы нәтиже бермек. Сахналау кезінде кез-келген бала кейіпкердің сөзін еркін қайталайды, себебі сол ол баланың өз сөзі емес болғандықтан қысылмай айтады, ал егер сол жауапты алу үшін балаға сұрақ қояр болсақ, кейбір жасқаншақ балалар жауап бермес еді. Балаларға үнемі ұлттық ертегілер айтамын, себебі олар баланың құлағына таныс болады. Қуыршақ, саусақ театрларын үнемі көрсете отырып, балалардың өздеріне де рөлдерді ойнатамын. Сахналық қойылымды қызыға орындайды.

Мен өз тәжірибемде балаларға «Өрт тілсіз жау» атты  ертегі сахналаттым. Жай ғана ертегіні сахналатып қоймай ауқымды іс-шара етіп өткіздім. Негізгі көздеген мақсатым өмірдегі кездесетін әртүрлі келеңсіздік жағайлардан балаларды қорғау үшін алдын-ала өткізіліп жатқан іс-шара деп есептедім.

Шараға Мұнайлы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты  Байдуллаұлы Дәурен, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері  Байжігитов Серік,  Асанұлы Самат қатынасып, ата-аналарға және балаларға түсінік жұмыстарын жүргізді. Шара барысында балаларға өрт сөндіру әдістерін және авариялық-құтқару жұмыстарын  жүргізіп көрсетті. Балалар өртке қарсы қызмет, өрт сөндіру  техникасы  жайлы қызықты сұрақтар  қойып, оларға жеткілікті жауаптар алды және өрт сөндіру  машинасын қызығушылықпен  қарап,каскаларды және де әр түрлі  жабдықтарды киіп ұстап көрді. Өрт сөндірушілермен бірге өрт сөндіру дұрыс қолдануды үйреніп, өртті дер кезінде қалай дұрыс сөндіру керектігімен тәжірибе жүзінде  балалар оқпаннан су беру арқылы танысты. Балалар төтенше жағдайлар мамандарының жұмысымен танысып, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киіміне  аса қызығушылық танытты. Балаларға өрт сөндіру бөлімінің тарихы жайында айтылып, өрт сөндіру көліктерімен  таныстырды, сондай-ақ  өрт сөндірушілердің жаттығу алаңы, өрттік – техникалық жабдықтары көрсетілді. Шараға келген ата-аналарда балаларының қойған қойлымына өте риза болды. Әсіресе, бақа рөлін сомдаған балалардың ата-аналары балаларының келешекте өрт сөндіруші болғысы келетін естіп, балаларының мамандық таңдап алғандарына мәз болысып алғыстарын айтты.

Балаларға отсыз тіршіліктің өзі жоқ екенін түсіндіріп, бірақ отты дұрыс пайдаланбасақ, «от тілсіз жауға» айналатынын сахналық қойым арқылы көрсеттім.

Қойылым барысында орманда тұратын ана қоян, тамақ алып келуге кеткенде, кішкене көжек қарыны ашқандығын айтып, жылап, ағасына тамақ пісіріп беруін сұрайды, — дейді. Апасы анамыз отқа жақындамаңдар деп,- кеткен еді деген сөзін тыңдамай сіріңкені ұстағанда, жанған сіріңке  абайсызда қолынан  жерге түсіп кетіп үйшігін  отқа оранады. От құшағына оранған қоянның үйін көрген аю 101 нөмеріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақырады. Өрт сөндірушілердің арқасында көжектерде, орманда аман қалды. Балаларға бақылау сұрақтарын беру арқылы  шығармашылыққа үйрету әдісін қолдана отырып, балалар сұрақтарға жауап берді және өздері білетін мақал-мәтелдерін, от туралы тақпақтарын айтып берді.

 

 Рахова Венера Катарбайқызы,

 Маңғыстау обылысы

 Мұнайлы ауданы  

» Мерей балабақшасы»тәрбиеші 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.