Home » Ашық сабақтар » Ертегілер еліндегі Шалқан

Ертегілер еліндегі Шалқан

      Әділбек Жанерке Темірқызы,
№3 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс — әрекет түрі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Балаларға көркем туындысын түсіндіре отырып, шығарманың көркем мәтінін түсіндіру.
Білімділік: Еңбек сүйгіштікке баулу, мақал – мәтелдер жаттату, ертегі кейіпкерлерін сахналау, ертегі мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Ертегіні сахналау арқылы, тіл байлығын, ойын, зейінін сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілдікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Технологиялық  қамтамасыз ету: слайд, Шалқан ертегісінің суреттері

( шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан.)
Оқу қызыметінің  барысы:
           Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн

Армысың көк аспан

Армысың жер ана

Армысың достарым

Армысың қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?         (Күз мезгілі)
Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?                    (3ай бар)
Тәрбиеші: Күз мезгіліндегі  қандай ерекшеліктерді  білесіңдер?
Балалар: Жеміс-жидектеріміздің барлығы пісіп, қамбамыз астыққа толады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар!
Тәрбиеші: Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: Қызыл телпек, маша мен аю, мақта қызбен мысық т.б.
Тәрбиеші: Балалар сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз орыс халқының ертегісі «Шалқан». Балалар Шалқан ертегісін тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Иа

Ертегі желісін оқып беру
Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп шалқанды көреді, шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.
Ата: Ой бәрекелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай, көмекке өзінің кемпірін шақырады. Кемпір — кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті оны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.
Кемпір: Ой, шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орынан қозғалта алмайды.
Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды, әже сіздерге көмектесейін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет – ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс — ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз
Ит: Аф — аф — аф көмектес десендер көмектесейін.
Тәрбиеші: Ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды.Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық – мысық бізге көмекке келші біздер шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу — мяу — мяу көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды бірақ шалқан шықпайды. Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан — тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Тәрбиеші: Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстайды.Олар ары тартады – бері тартады  ақыры шалқанды суырып шығарады.
Тәрбиеші: Міне балалар осындай қызықты ертегіні тыңдадық.
Тәрбиеші: Балалар тышқан бәрінен де мықты екен.

Дымбілмес есікті қақпай кіріп келеді.
Дымбілмес: Балалар неге отырсыңдар, оданша жүріңдер ойын ойнайық.

Тәрбиеші: Тоқта-тоқта  сен неге амандаспайсың? Неге есікті қағып кірмейсің? Үсті басың неткен кір? Алдымен есікті  қағу керек, амандасу керек. Ал сен болсаң рұқсатсыз кіріп келдің. Балалалар солай жасауға бола ма екен?
Балалар: жоқ

Тәрбиеші: Сенің атың кім?

Дымбілмес: Менің атым Дымбілмес

Тәрбиеші: Дымбілмес біз бүгінгі оқу қызыметімізде «Шалқан» ертегісін сомдағалы  жатырмыз. Қане бізбен ертегі желісін тамашала.

Ертегі сомдау.

Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп шалқанды көреді, шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.
Ата: Ой бәрекелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай, көмекке өзінің кемпірін шақырады. Кемпір — кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті оны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.
Кемпір: Ой, шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орынан қозғалта алмайды.
Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Мен бара алмаймын. Мен көкөністерді жинап  түскі асқа дәмді салат дайынау керекпін.

Тәрбиеші: Олай болса балалар,  біз қызға  көкөністерді жинауға көмектесемізбе?

Балалар: Иа

Тәрбиеші: Олай болса балалар мына алдарыңда  жатқан себетке  көкөністерді жинап жапсырыңдар. Балалар кім көкөністер, жемістер туралы тақпақ біледі.

(Ақкербез, Фариза, Дәуірхан)

Ауада салат жасау шалқаннан (саусақ маторикасын дамыту.)

Тәрбиеші: Қыздың көңілң көтеріліп ата-апасына көмекке барады. Тартады-тартады  жұла алмайды. Көмекке итті шақырады.
Қыз: Ақтөс — ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз
Ит: Менің көңіл күйім жоқ, жұмыс жасауға зауқым жоқ.

Тәрбиеші: Олай болса балалар күшіктің көңіл күйін көтерейікші.

Сергіту сәті.

Күшігім менің саққұлақ

Ойнайд бізбен шапқылап

Секіреді билейді

Былай-былай жүреді  (үреді)

Тәрбиеші: Күшік көңілденіп, көмекке барып шалқанды ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды. Көмекке мысықты шақырады.
Мысық: Мен күн астында қыздырынып ұйықтағым келеді. Сендер тыныштық бермедіңдер. Күн болса суып келеді. Мен жаурадым.
Тәрбиеші: Олай болса балалар мысыққа  күн суықта жылынатын пеш соғып берейік. Пештің желкесінде  жылынып жақсы ұйықтасын.

(Кюзенер таяқшасынан пеш соғу) Техника қауіпсіздігін айту.

Тартады-тартады  жұла алмайды, көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан — тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Менде қысқы азығымды  дайындап әлекпін сендер маған бидай жинассаңдар мен де көмекке барамын.

Тәрбиеші: Олай болса балалар тышқанға бидай  жинасып көмектесемізбе? Риза болған тышқан  шалқан жұлуға көмекке барады. Барлығы бір-бірінің  артынан ұстап тышқан шалқанды жұлып алады.

Ата: Тышқанға рахмет айтады.

Тәрбиеші:  Еңбек етсең-емерсің

Ерінбесең-жеңерсің

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей-демекші , атамызға түрлі тапсырманы орындау арқылы шалқанды жұлуға көмектестік.

Дымбілмес: Рахмет балалар сендерге, ертегідегі әр түрлі тапсырмаларыңда  өте ұнады. Енді мен сендер сияқты тәртіпті, ақылды боламын. Сау болыңдар! Менің қайтатын уақытым болды.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз қандай ертегіні сомдадық?

Балалар: « Шалқан» ертегісін

Тәрбиеші: Шалқанды кім екті?

Балалар: Ата

Тәрбиеші: Шалқан қандай болып өсті?

Балалар: Үлкен болып өсті.

Тәрбиеші: Балалар біздер бәріміз еңбекқор атамыздай болайық. Бау-бақшамыздың жемістері көп болсын.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.