Home » Жаңалықтар » Ерлік сабағы — «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»  

Ерлік сабағы — «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»  

  4 ақпан күні № 102 ЖББМ КММ-де Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сай 8-11 сыныптары оқушыларымен Ардагердердің  қалалық кеңесінің тарихи-мемориалдық комиссиясының төрағасының орынбасары Артемьев Вячеслав Михайлович  «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» тақырыбында ерлік сабағын өткізді. Тәрбиелік тұрғыдан орны ерекше болған ерлік сабағы оқушылар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастырып, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылықққа, ардагерлер ерлігін мақтан тұтуға үйретеді. Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысына қатысқан отандастарымыздың ерліктері мен тарихи естеліктерімен бөліскен ерлік сабағы оқушылар бойында Отанымыз мүддесіне қамқорлық жасау,  туып өскен жерге ынтықтық, азаматтық сезіміндерін оятып, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырды. «Отан соғысы қаһарманы», «Халық қаһарманы» атағы иегерлері атанған және атақ-даңқы болмасада азаматтық борышын адал атқарған жауынгерлеріміз ерлігі тарих беттерінде, әрбір ұрпақ жүрегінде мәңгі жасары анық!

                                        Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.