Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ерлікке тағзым»
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту. Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.
Көрнекілігі: шарлар, ұрандар, Ауғанстан жерінің картасы.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.
ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат.
ІҮ. Құттықтаулар.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби-музыкалық монтаж.
Әнұран
Кіріспе сөз
27 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа — ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының ардагер жауынгерлері – Байботаев Қалдыбек, Айдарқұлов Талғат ағаларымыз ортамызда. Бүгінгі біздің «Ерлікке-тағзым» атты тәрбие сағатымыз «Интернационалист – жауынгерлер» сіздерге арналады.
1-жүргізуші (Мадина), ІІ-жүргізуші (Ақбота)
Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы. 1979 жыл 25 желтоқсан және 1989 жыл 15 ақпан. Бұл екі даталы күн естен кетпейтін тарихта ізі қалған жылдар мен күндер. 1979 жыл 25 желтоқсан Ауғанстан жеріне Кеңес жауынгерлерін жіберген күн. 1989 жыл 15 ақпан Ауғанстан жерінен Кеңестік шектелген әскери контингенттің шығарылған күні.
1-жүргізуші
-қайырлы күн құрметті қонақтар!
2-жүргізуші
-Армысыздар ардақты ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші: 9 – жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді. Сол қаралы 9 жыл ішінде қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ерлікке тағзым» ерлік сабағымызға қош келдіңіздер!
— Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса
Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979-1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес.
2-жүргізуші: 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н.М.Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс-әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды.
1-жүргізуші: Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 — ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.
2-жүргізуші: Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл өтіпті. Сол кездегі әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
1-жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп бүгінгі кешке қатысушы жауынгер ағаларымызбен таныстырайық.
2-жүргізуші:
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер-естелігі ерліктің,
Ұрпақтары-бұтақтары,
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.
Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық.
1-жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
— Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған, деп ақын жырлағандай құрметті жауынгер ағалар сіздерге арнаған шағын концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жары, дос-жаран туысы. Солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
1-оқушы:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан-сенің ата-анаң
Отан-досың, бауырың,
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан,ауылың
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан-жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!
2-оқушы:
Әуелің Отан-ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
3-оқушы:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»-деп сыбырлаған
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен.
4-оқушы:
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге-майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
5-оқушы:
Сапқа тұр, ақ ниет адамдар
Кел қосыл бейбітшіл шеруге
Тыныштық жауларын жеңуге.
Бейбіт күн тулары самғасын
Тыныштық тулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
Ән. «Қазақтың елі».
1-жүргізуші:
Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат,
Оған көңлің толмайтыны-ақиқат.
Алтын торда өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат.
«Қазақ жері» Құрасбек К.
Ән: Туған өлке
Мейіржан «Соғыс деген немене» өлеңі
Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар»
«Сен құрметте оны» Маханбет
«Соғыс» Айдос
«Болмасын соғыс» Жанел
ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат.
2-жүргізуші: Құрметті ауған соғысының ардагерлері, осы соғыс туралы сіздерге қоятын оқушылардың бірнеше сұрақтары бар. Соларға кезек берейік
1.Бастан өткізген қиындықтарды ұмыту мүмкін емес қой. Ал сіздің әскери борышыңызды өтеу қай жерде басталды, алғашқы кездерде қандай қиындықтар болды? Ауғанстан несімен есіңізде қалды?
2. Адам жүрегіне жара, санасына ауыр салмақ салып, сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?
2 оқушы: Соғысқа шыдамай өз-өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма?
3 оқушы: Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз.
— Отан үшін мерт болғанды танып, біл,
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді,
Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!
— Олар – сенің таңғы шапақ, нұрын ғой!
Олар – сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,
Бас киімді қолыңа алып гүлің ғой!
— Қара бұлтқа оран басын Күн көкте!
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
— Отанынын бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңе ұста, құрметте
1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізге келген Ауған соғысына қатысушыларға мың да бір алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат, қуаныш пен шаттық тілей отыра, Отанымыз тыныш болсын деймін. Тек қана жақсылықпен кездесейік. Ал оның бәрі болатынына кәміл сенемін.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
деп, «Ерлікке тағзым» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз. Келіп, көріп қатысқандарыңызға рахмет. Кездескенше күн жақсы. Сау болыңыздар.
Көңіл қойып, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Ұйымдастырушы педагог
Урисбаева Анар Камшибековна