Home » Эссе » Ерлігі өшпес ел қорғаны болған ер! (эссе)

Ерлігі өшпес ел қорғаны болған ер! (эссе)

Сан ғасырлық тарихымызда қаны қазақ деп мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, ұрпаққа өнеге етіп көрсетер, ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен, Отаным деп аянбай тер төккен ұлы тұлғалар қазақ елінде жетерлік. Бүгінгі біздің мақсат сондай ұлы тұлғаларды өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсетіп, ерлігін дәріптеу. Ондағы басты ой елімізде осындай ер мінезді тұлғалардың болғандығын көрсетіп, атын мадақтау ғана емес. Батыр ол әрқашанда  батыр болып қалады. «Адам мәңгілік жасамайды, мәңгілік жасайтын оның артындағы ісі» демекші,  ер тұлғалы азаматтарымыздың  өзі өлсе де, аты өлмек емес. Яғни, біздегі басты мақсат, елге берген еңбегі тек көзі тірісіндегі ісімен тоқтап қалмай, сол батыр бейнесін таныту  арқылы ұрпақтарымыздың жүрегіне патриоттық сезімді ұялата отырып, нағыз елім дейтін ерлерді тәрбиелеуге ықпал ететін ерлік символын жасау . Демек, біздің батыр бабаларымыз сол кездегі еңбегімен ғана емес, сонымен қатар қазіргі таңда ерлік символы ретінде де  әлі күнге дейін елге орасан зор пайда беріп жатыр деген сөз.

«Елдің атын – ер шығарар» деген ұлағатты сөз бар, ел атына еңбек еткен еріміздің атын бүгін бейбіт заманда дәріптеп, керісінше  ердің атын неге ел болып шығармасқа, неге оны ерлік символы ретінде көрсетпеске. Сондай ер тұлғалардың бірі, елге еңбегі сіңген Нұртай Бижанұлы туралы айтқым келіп отыр.

 

Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал асыл есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік,
Кетпейді естен асыл ер

      Нұртай Бижанұлы  1919 жылы қазіргі  Арыс қаласына  қарасты  Шөгірлі ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда  Байтоғай   деп аталатын  (ерте кездегі аталуы –Нұртай ата ) елді мекенінің  іргетасын  қалаған  және осы ауылымызда алғашқы  бастауыш мектепті салдырған. КСРО  Еңбек  Қызыл Ту орденің  және медалдарының иегері !Соғыс  жылдары  Шөгірлі халқы туған жерді тастап  сыр өзенінен өтіп  Қызылқұм Мырзашөл өңіріне ,Сарағаш ауданының аумағына,Арыс станциясына барып қоныстанса,халықтың бір бөлігі сыр бойындағы Тақыркөл артеліне орналасады .

Нұртай Бижанұлы бауырларымен жылға станциясына қоныс аударып, бастауыш мектепті бітірген.Қабланбек Совхозында мал дәрігері техникумын бітіріп,Задария савхозына барып екі жыл жұмыс жасайды.

1943 жылы   Қожатоғай ауылы Шеңгелді ауылдық кеңесіне бөлініп шығып,өз алдына жеке шаруашылық құрғанда Нұртай ата қажырлы еңбегінің арқасында Жетісай,Арыс,Мырзашол,Қызылқұм өңіріндегі ағайындарды  жинауға белсене кіріседі.

1944 жылы ағаш рет көктем айында Байтоғай ауылына көшіп келеді,келген кезде ауылда тірі жан болмайды,тек қалың

ағаштар.Туған туысқанын сағынған халық елге көшуге себепкер болған жас көшбасшы Нұртай атамыздың соңынан еріп көшіп келеді.Көшіп келген халықты орналастыру оңайға соқпады,оларға мал жай  кепе беріп,көмектеседі Алғашқы рет елді мекенде кепе салып,кепенің бір бөлмесін мектеп етіп Қожатоғай савхозынан тақтайлар акеліп,балаларға білім беріп алғашқы жылы кепеде оқытты. Қожатоғай совхозында он бес жыл Басшылық қызметін атқарды.1958 жылы Шаян ауданында Шалдар совхозында үшінші фермаға жұмысын ауыстырып,сол жерде төрт бес жылдай жұмыс істейді.Сол уақыттағы аудан басшшылығының шешімімен  Қапланбек совхозына директорлық екі жылдық оқуға жіберіледі .Көне көз қариялар сол кездегі қыйыншылықты Нұртай Бижанұлының  еңбекқорлығы мен қамқорлығын,ұйымдастыру қаблетін осы күнге дейін өскелең ұрпаққа айтып отырады.Байтоғай ауылын құтты қонысқа айналуына  Нұртай Бижанұлының еңбегі орасан зор.Нұртай  ата мен Ділдаш ана екеуі Мүсірәлі,Пердалы,Нұралы,Айша,Хадиша есімді перзент тәрбиелеп өсірді.

Қазіргі уақытта еңселі ер тұлға Нұртай атамыздың перзенті Хадиша Нұртайқызы саналы тәлім тәрбиесімен,сапалы білімінің арқасында Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласында  «Потриотизм кіндік қаның тамған жеріне,өскен ауылыңа қалқың мен өңіріңе,яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Деген сөзді негізге ала отырып,туған өлкесі Байтоғай  ауылына спорт кешенін демеушілік жасап салдырып берді.Туған жерге деген сүйіспеншілігі артынан еріп келе жатқан ауыл жастарының денсаулығын жақсартуға,спортқа деген қызығушылығының артуына өз үлесін қосып жастарға тың серпін берді.Ер қамқоршысы болған ерлігі өшпес  Нұртай атамызбен  ол кісіден тараған ұрпаұтарының еңбектері дара,есімдері ел есінде мәңгі сақталады!

       

Арнау

Жасыңнан талай зерттеп ғылым жайын,
Үңіліп тереңіне барған сайын,
Тынымсыз осы жолда еңбек етіп,
Биыл міне Жетпіс бестің  асқарына шықты Ауылың.

Кемел жас осы тұрғы ой толысқан,
Адам бақыт табады бұл қоныстан.
Ақылдың арнасынан ғылым тарап,
Көңілдің жайлауына кеп тоғысқан.

Өмірдің ең бір қымбат қызық шағы,
Өткен кез ел тезінен ер сынағы.
Білімнің жемістері жетік пісіп,
Жайқалған күзгі жемістей жапырағы.

Еліне ер еңбегі бағаланып,
Ұшатын мезгілі осы өрге бағы.
Туған жер ұясынан түлеп ұшқан,
Дүниеге қандай қыран келсе- дағы.

Өздерінің  дарынына тәнті қылған,
Байтоғайдың  қайталанбас  саңлағы,
Қазақтың  Хадишасы
Бұл Нұрай ата  шыққан қара шаңырағы.

Өкшелес осылардың артындағы
Үлгі алған оқымысты мен де ұрпағы.
Ғалым, Еңбекқор Бизнес Лидер-деп,
Құрметтеп отыр бүгін халқың тағы.

 

Өзіңнен тәрбие  білім алған жан-жақты,
Болып тұр сан ұрпағың ел мақтаны
Бағалап ұлан-ғайыр еңбегіңді,
Той жасап  туған елің ардақтады.

Орындалып алдағы арман-тілектерім,
Сүрінбей басып өтіп сын-өткелін,
Соңынан ерген талапты жас ғалым мен боламын
Ұқсасын сіздің  баулып өсірген ұрпағыңызға

 

                                   

Аман Бекзат Бақытжанұлы,
Түркістан облысы Арыс қаласы
«М.Маметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
11 сынып оқушысы

 

 

 

 

 

              

 

       

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.